06
Сәуір

«Ақ жол» тауарлардың міндетті цифрлық таңбалануын алып тастауды тағы талап етті

6 сәуір 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» тағы да тұтыну тауарларының міндетті цифрлық таңбалануын алып тастауды талап етті. Бұл туралы Азат Перуашев Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.

«Бүгінде ЕАЭО-мен келісім бойынша аяқ киімді, болашақта киім мен азық-түлікті міндетті таңбалау қолданылады. Бұл ретте мемлекеттік органдар көлеңкелі бизнес - алкогольді өзін-өзі таңбалаудан бас тартты. Шамасы, ол кәсіптің «қолдаушысы» мықты», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, бұл қажетсіз бюрократия бизнесті өлтіріп, өнімнің өзіндік құнын 25-30%-ға арттырады.

«Бұл іске нүкте қою керек, тек «кейінге қалдырумен» шектелмей, цифрлық таңбалаудан толық бас тарту керек», - деп есептейді «Ақ жол» көшбасшысы.