27
Тамыз

"Ақ жол" жарылыстан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

27 тамыз 2021 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметі

"Ақ жол" демократиялық партиясының және жеке өз атымнан әскери қызметін орындау барысында қаза тапқан бүгінгі күннің батырларының туған-туыстарына  қатты қайғырып, көңіл айтамын.

Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз.

Президент Қ.Тоқаев тапсырғандай, трагедияның мұқият тексерілуін талап етеміз.  

Болған жағдай қару-жарақты сақтауда жүйелік проблемалардың бір ғана әскери бөлімде емес, қару-жарақ сақтайтын барлық мекемелерде бар екенін көрсетіп отыр.

"Ақ жол" демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы мен басқа да аймақтардағы бөлімшелеріміз зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді бастайтын болады.