Алматыда бір топ журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелері жайында жазылған үздік мақалалардың авторларын марапаттадық. Осы кездесуде қазақ журналистикасының ардагері, атақты публицист Қайнар Олжай ағамызды зейнетке шығарып салып, "Ақ жол" партиясының атынан шапан кигіздік.