20 тамыз 2021 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Павлодар облыстық филиалы
"Ақ жол" демократиялық партиясының Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов Павлодар қаласында "Ақжол" ҚДП облыстық филиалының белсенділерімен кездесті.
Филиал басшылығы Павлодар облысының сайлаушыларын, оның ішінде партияның дәстүрлі электораты болып табылатын кәсіпкерлерді толғандыратын мәселелер мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Сондай-ақ филиалдың ауыл әкімдерін сайлауға қатысуының қорытындысы шығарылды. Ол бойынша "Ақ жол" демократиялық партиясының кандидаты Қуаныш Нұрғожин Май ауданы Малайсары ауылдық округінің әкімі болып сайланған.
Талқылау қорытындысы бойынша депутат Мақсат Раманқұлов фракция мен мемлекеттік органдардың қарауына ұсыну үшін аса өзекті мәселелер (сумен қамтамасыз ету, құрғақшылық, жемшөп дайындау, ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау, пандемия жағдайында қызмет көрсету саласын реттеуге тыйым салудан көшу, машина жасауды дамыту, тұрғын үй құрылысы және құрылыс материалдары бағасының өсуі, мемлекеттік сатып алу мәселелері және т. б.) жөнінде толық ақпарат дайындауды сұрады.
Кездесу соңында Мақсат Базаралыұлы жастар мен шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінен құралған жаңа партия мүшелеріне партия билеттерін табыстап, сәттілік тіледі.