07
Қазан

«Ақжолдықтар» Қарақия ауданындағы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мерекелік шара өткізді

7 қазан 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері жұмыс сапарымен Қарақия ауданына барды.

Сапар аясында Қарақия ауданындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы «Бар мейіріміміз балаларға» мерекелік шара ұйымдастырды.

Шараға Қарақия аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дина Сабитова,  партияның Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы, Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттары Жаңбырбай Матаев, Гүлмайса Шаңбаева, Қарақия аудандық мәслихат депутаты Юля Халиева және БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты жиынның басты қонақтары мүмкіндігі шектеулі балалар болды. Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау мақстатында ән, би, қызықты ойындар, тақпақтар айтылды.  Көңілдері қуанышқа толған балалар, мейірімді жандардың жүрек жылуын сезінді. Мерекенің басты кейіпкерлеріде өз өнерлерін ортаға салды.

«Мұндай шараны өткізген мақсатымыз мүгедектігі бар балаларға серпін беру, өмірге деген қызығушылықтарын арттыру. Сол себепті оларға барынша қолдау көрсету баршамыздың ортақ парызымыз», - деді жас депутат Гүлмайса Шаңбаева.

Шара соңында партияның Маңғыстау облысындағы мәслихат депутаттарының атынан әр балаға сыйлықтар табыстады.

Мұнан соң халық қалаулылары Қарақия ауданы, Құрық ауылындағы Қарақия кәсіптік колледжінің ұжымымен кездесті.

Мәслихат депутаттары кәсіптік білім ордасының жағдайымен танысып, колледж қызметкерлерінің мәселелері тыңдады.

Білім ордасында көп жылдар бойы қызмет етіп жүрген колледж директоры Далабай Бекмағамбетовті Алаш ұлттық идеясын насихаттауға қосқан үлесі үшін Қазақ Республикасының 100 жылдығы құрметіне шығарылған төсбелгімен марапаттады.

Сондай-ақ коронавирус індетімен күресіп, адамдардың өмірін сақтап қалуға жан салып еңбек еткен дәрігерлерге алғыстарын білдіріп, Қарақия орталық аудандық ауруханасының қызметкерлеріне «COVID-19-бен жанқиярлық күресі үшін» төсбелгісін табыстады.