Бүгін, қасиетті Ораза айындағы жұма күні әріптестерім Қазыбек Иса, Болат Өтепбаев, Әлімхан Әбжанов, Абзал Салықбаевтармен қасиетті Түркістан қаласында ауыз аштық.
Оған дейін Әзірет Сұлтанға барып, әулие бабамызға, Абылай хан мен осында жатқан данқты Қазақ батырлары мен билеріне Құран бағыштадық. Қаладағы аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы әлсіз
және мүгедектігі бар 50 шақты отбасыға азық-түлік, қаржылай садақа тараттық.
Түлеген Түркістандағы керемет Керуен сарай, әуежай секілді жаңадан салынған нысандарды аралап көрдік. Қала күн сайын жаңарып, жайнап келе жатқанына құандық.
Ораза қабыл болсын, ағайындар!