12
Шілде

«Ақжолдықтар» Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің жұмысымен танысты

12 шілде 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Қызылорда облыстық филиалы

Сыр өңірінде іссапарда жүрген «Ақ жол» партиясының депутаты Берік Дүйсембинов, филиал төрағасы Жорабек Прманов, партияның Қызылорда облыстық мәслихат депутаттары Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің жұмысымен танысты.  

Қала бойынша орнатылған полиция пунктерінінің жұмысы, сервистік полицияға көшу,  жол жүру жылдамдығын фиксация жасайтын камералардың жетіспеушілігі, жол полиция қызметкерлерін оқыту, төрт-түліктің трассаға шығып кетпеу шараларын күшейтіп, жол-көлік оқиғаларын алдын-алу мәселелерін талқылады.

  • «Ақ жол» партиясы бірнеше жыл бұрын полицияны халыққа жақындату мақсатында жапон полициясы үлгісімен жұрт көп шоғырланған жерлерге кобан-бақылау пункттерін орнату керекті жөнінде сауал жолдаған болатын. Бүгінде Қызылорда қаласында 20 дан аса осындай пункттері орнатылған екен, - деді депутат.

«Ақжолдықтар» мемлекет басшысының сервистік полиция туралы тапсырмасының орындалуы туралы департаменттің баяндамасын тыңдады.

Сапар аясында халық қалаулысы өңір кәсіпкерлерін қабылдады.

Сондай-ақ, Алаш ұлттық идеясын насихаттауға және 2020-2021ж. ж. сайлау науқанында демократия қағидаттарын қорғауға қосқан үлесі үшін" партия белсенділерін «Қазақ Республикасының 100 жыл» және коронавирус індетімен күресіп, адамдардың өмірін сақтап қалуға жан салып еңбек еткен дәрігерлерді «Жанқиярлық күресі үшін COVID-19» төсбелгісмен мараппаттады.

Мұнан соң Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде іссапар бойынша және ауыл әкімдерінің сайлауы туралы брифингке қатысып, жергілікті бұқаралық құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді.