17 ақпан 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Қызылорда облыстық филиалы
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Ақ жол» фракциясының мүшелері Берік Дүйсенбинов пен Ерлік Өмірғали Қызылорда облысындағы жергілікті полиция департаментінің ұжымымен кездесті.
Кездесуде «қасіретті қаңтар» оқиғасында соққы алып, жараланған Полиция қызметкерлерінің жағдайын білді.
Осы оқиғада Қызылорда қалалық полиция департаментінің қызметкерлері алғашқы соққы алғандар қатарында. Қазіргі таңда жараланғандардың жағдайы қалыпты және қаза тапқандар жоқ, - дейді департамент өкілдері.
Мұнан соң халық қалаулылары Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сотқа дейінгі тергеу изоляторында отырған азаматтармен жүздесті. Қамаудағылардың көбі жастар, олардың ішінде бұрын-соңды сотталмағандардың саны басым.
Қазіргі таңда тергеу изоляторында отырған азаматтардыңзаңды өкілдері Заң аясында құзырлы органдар мен прокуратураға мән-жәйдің әділдігін анықтау бойынша арызданған.