30 қазан 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Атырау облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясы Атырау облыстық филиалының кезекті XVI конферециясы өтті.
Конференцияға партияның саяси кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды “Ақ жол” партияның Атырау облыстық филиалының төрағасы Ермекқали Юсупов жүргізіп, филиалдың атқарған жұмыстары туралы және сайлау заңнамасындағы өзгерістер туралы баяндама жасады.
Мұнан соң саяси кеңес мүшелері “Ақ жол” партиясының кезектен тыс XVI съезіне Атырау облысынан қатысатын делегаттарды сайлады.
Жиынға қатысушылар филиалдың жұмыстарына оң баға беріп, алдағы саяси науқан кезінде өздерінің белсенділіктерін көрсетіп, жоғары деңгейде өтуіне атсалысып және қолдау білдіретіндерін жеткізді.
Конференция соңында партия қатарына қабылданған азаматтарға партиялық билеттер тапсырылды.