25
Қыркүйек

Азат Перуашев Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің фронт-офисінің жұмысымен танысып, тікелей эфирге қатысты

https://t.me/peruash/340

Жұма күні Шымкент қалалық жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің фронт-офисінде болып, тікелей эфирге қатыстым.

Сосын партия төрағасының орынбасары, "Қазақ үні" газетінің басшысы Қазбек Иса, Мәжіліс депутаты, партия төрағасының орынбасары Берік Дүйсембинов, Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әлімхан Әбжанов пен Түркістан облыстық филиалының жетекшісі Абзал Салықбаевтармен бірге облыстың оңтүстік аудандарына бет алдық. Келес ауданының Ораз-ата ауылының тұрғындарымен кездестік. Тұрғындар үш жыл бұрын ақысын төлеп, үйлеріне құбыр тартқызып, есептегіш пен газ пештерін орнатқандарына қарамастан ауылға газдың келмеуіне қатты наразы. Сонша уақыттан бері тиісті жерлерге көптеген арыз жазылғанымен ауылға газ әлі күнге дейін келмеген.


Сондай-ақ, бірінші сыныпта қазақша оқитын оқушыларға қашықтан оқудың қолжетімсіздігі, ауыл ішіндегі жолдардың нашар жағдайда екендігі сөз болды.
Сол күні газға байланысты мәселелердің облыстың басқа да аудандарында бар екенін шенеуніктердің өзінен естідік. Мәселенің мән-жайын ашып беруге уәде берді. Оны шешуге кірісеміз.