25
Қыркүйек

Азат Перуашев Түркістан облысының кәсіпкерлерімен кездесті

https://t.me/peruash/335

Түркістан облысында жұмыс сапарындамыз. Түркістан қаласының көркейіп бара жатқаны көз қуантады. Қаланың орталығы адам танымастай өзгерген. Бұрынғы тар көшелердің орнына кең даңғылдар пайда болыпты. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің айналасында жасыл майса шөп, жаяу жүргінші аймағы және сыңғырлаған арықтар шығыс модерндік стиліндегі қазіргі заманғы ғимараттармен керемет үйлесе кеткен. Әрине, әлі де істелер жұмыс көп, құрылыс күн-түні тоқтамай жүріп жатыр. Қаланың бейнесіндегі өзгерістер шын қуантты.

Алма, шабдалы бақтарын баптайтын, күркетауық өсіретін, логистикамен айналысатын кәсіпкерлермен кездестік. Біздің кешегі Өзбекстанмен сауда саясаты туралы сауалымыз бойынша және отандық өндірушілерді қолдау қажеттігі жөнінде пікір алмастық. Бұл мәселе Өзбекстанда да талқыланып жатқан көрінеді.