13 мамыр 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Алматы облыстық филиалы
Бүгін әйгілі Жоңғар Алатауының баурайында шалғайда орналасқан Қапал-Арасан ауылындағы Барлыбек Сырттанұлы атындағы мектепте “Ақ жол” партиясының демеушілігімен көрнекті саяси қайраткер, қазақтың алғашқы конституция жобасының авторы, заңгер, публицист, шығыстанушы Барлыбек Сырттанұлының мүсіні ашылды. Салтанатты шараға Ақсу ауданының белгілі қоғам қайраткерлері, ардагерлері мен ауыл азаматтары қатысты.
Алқалы жиында мектеп оқушылары Алаш арысы Барлыбек Сырттанұлының өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін арнайы ашық сабақ ұйымдастырды.
Осы ауылдың тумасы Барлыбек Сырттанұлы 1886 жылы Санкт-Петербург университетінің Шығыстану факультетіне оқуға түскен. Кейін елге келіп, Жетісу әскери губернаторының бұйрығымен облыстық басқарманың іс жүргізу бөлімін басқарды. «Айқап» журналында қазақ халқының әлеуметтік-саяси мәселелеріне қатысты мақалалар жариялады. Сол тұстағы жергілікті халықтың мұң-мұқтажын айқындау әрі оны шешу жолдарын қарастыру мақсатында жалпықазақ съезін шақыру мәселесін көтерді.
“Алашинский” лақап атын иемденген Барлыбек Сырттанұлы Алашорда көсемі Әлихан Бөкейханның тапсырмасымен АҚШ және Батыс елдерінің құқықтық тәжірибесін зерттеп, батыстың демократиялық тәжірибесіне сүйенген қазақтың тұңғыш Конституциясының жобасын жасады. Өзі 1914 жылы қайтыс болса да, Алашорда жетекшілері оның дайындаған конституциялық құжатын Алашорда үкіметінің Уставы ретінде бекітті. Яғни, Барлыбек Сырттанұлы қазақтың тұңғыш Конституция жобасының авторы деп ауыз толтырып айта аламыз.
Жиынға қатысқан белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ауыл тұрғындары Барлыбек Сырттанұлының есімін ел жадында мәңгі сақтау үшін оған көше атауларын беріп, ескерткіш орнату мәселесін көтерді. Осыған орай, “Ақ жол” төрағасы ұлыларды ұлықтау кейінгі ұрпақтың борышы екенін тілге тиек етті.
«Ақ жол» басшысы өзгерістерді парламент арқылы жүзеге асыруға да болатын, бірақ Президент арнайы оны халық шешсін деп халықтың таңдауына ұсынып отырғанын жеткізді. Біріншіден Конституцияның 3-бабы құқықтық негіз бола алады, онда Республикадағы биліктің жалғыз көзі халық деп жазылған. Яғни, халықтың сенімі батыл өзгерістерді толық ақтайды. Екіншіден бұл реформа демократияландыруға да арналғанын тілге тиек етіп, саяси партияға мүше болуға және туыстарына мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жетекші лауазымдарға ие болуға тыйым салу секілді Президент өкілеттігін шектеулерге қатысты да өз ойын білдірді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы өзін ұсынған партияның немесе пікірлес топтың мүддесі үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан халқына, соның ішінде, өзіне қарсы дауыс бергендерге де қызмет ететіндігін және непотизм саясатымен жемқорлықтың ұғымына жол бермейтін бастама екенін түсіндірді.
Сонымен бірге парламент және оның палаталарының, жоғарғы аудиторлық палатасының және Конституциялық соттың статусындағы өзгерістерге, партиялық және сайлау жүйесін дамытуға қатысты көзқарасын білдірді.
Жиын соңында сөз алған ауыл ақсақалдары осы өзгерістердің бәрінде және конститутциялық реформаны толық қолдау керек деп тарқасты.
Одан кейін олар «Қайнар» ЖШС-нің Талдықорғандағы қорғасын батареялары зауытында болды. Кәсіпорын электротехника саласында да, Жетісу өңірінде де ең табысты кәсіпорындардың бірі.
Инженерлік-техникалық қызметкерлермен әңгімелесті; конституциялық реформаға деген көзқарасымды, осы ұжымның өткен жылдары партиямыздың алдына қойған кейбір мәселелеріне тоқталды. Әріптестер экономикалық және саяси жағдайға өз бағаларымен бөлісті.
Талдықорғандағы қаңтар оқиғасына өткір баға берілді. Осының аясында кәсіпорын қызметкерлері мемлекеттік жүйеге түбегейлі өзгерістер енгізу қажеттілігіне еш күмәнданбайды және Конституцияны реформалау осындай өзгерістерге бағытталған шешуші қадам ретінде қабылданады.