16
Мамыр

Азат Перуашев "Атамекен" Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерімен конституциялық реформаны талқылады

16 мамыр 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы

16 мамыр күні "Ақ жол" партия төрағасы Азат Перуашев Маңғыстауға сапары аясында "Атамекен" Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасының ұжымымен кездесті.

Жиынға Маңғыстау облыстық "Атамекен"ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мустапаев, партияның Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жаңбырбай Матаев қатысты.

Кездесуде партия төрағасы Азат Перуашев биылғы 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның мән-маңызын түсіндіріп, Ата Заңға өзгеріс енгізуді көздейтін ​ референдумның нәтижесінде халықтың әлеуметтік мәселелері шешімін табатынына сенім білдірді.  Сондай-ақ жиын барысында айтылған сұрақтарға жауап беріп, проблемаларын тыңдады.

Мұнан соң партия төрағасы Азат Перуашев партияның Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастырған «Елмен бірге еңсерген 20 жыл» мерекелік іс – шарасына қатысты.

Шараға Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Жаңбырбай Матаев, облыстық филиал белсенділері мен мәслихат депутаттары, партия ардагерлері  және қоғам белсенділері қатысты.

Алдымен «Ақ жол» көшбасшысы  5-маусымында өтетін Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сұрақ - жауап өткізді. Сонымен бірге ұсыныс тілектері тыңдады.

Салтанатты жиын барысында "Ақ жол" Демократиялық партиясының құрылғанына 20 жыл толуы құрметіне және елімізді демократияландыру жолында партияға сіңірген зор еңбегі үшін "Ақ жол" партиясына 20 жыл естелік медалімен партияда 15 жылдан астам еңбек өтілі бар ардагерлерді марапаттады.

Ал, ұзақ жылғы қажырлы еңбегі және Қазақстан экономикасының қалыптасуына қосқан жеке үлесі үшін «Еңбегім еліме» құрмет белгісін өңірдегі кәсіпкерлер мен спортшыларды және қоғам белсенділерін табыстады.  

Сонымен қатар пандемияда індетпен күрес кезінде қажырлы еңбек етіп, ерлік көрсеткен азаматтарға “Жанқиярлық күресі үшін” төсбелгісін тақтық.

Шара соңында партия қатарына мүше болуға өтініш білдірген азаматтарды қабылдап, партиялық билеттерін табыс етті.  Мерекелік шара күмбірлеген күй және әуезді әнмен жалғасын тапты.