09
Қантар

БАҚ назарына 10 қаңтар күні «Ақ жол» демократиялық партиясы «Парламенттік оппозиция туралы» заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қ.Тоқаевтың парламенттік оппозиция мәртебесін орнату туралы тапсырмасын орындау мақсатында «Ақ жол» Демократиялық партиясы 2013 жылы дайындаған парламенттік оппозиция туралы заң жобасын алдағы апталарда ұсынады.

Іс-шара партияның заң жобасын қазіргі күннің шындығына орай жаңарту жөніндегі жұмысы аясында өтеді. Сонымен қатар, «Ақ жол» фракциясының депутаттарының аймақтардағы сайлаушылармен кездесулерінде құжат талқылануда. Заң жобасы бойынша ұсыныстар мен ескертулерді dpk.akzhol.kz@mail.ru электронды поштасына жіберуге болады

Сіздерді дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз. Қатысу үшін akzholalmaty@mail.ru электронды поштасы арқылы немесе телефон арқылы тіркелуге болады. +77017229338, +77015460093

Іс-шараға партия төрағасы Азат Перуашев, «Ақ жол» фракциясының депутаттары, қалалық мәслихат депутаттары, партия белсенділері, бизнес қауымдастықтарының өкілдері, Алматы қаласы мен облыс кәсіпкерлері, БАҚ қатысады.

Іс-шара сағат 11.00-де басталады

Мекен-жайы: Алматы қ., Розыбакиев көшесі, 227,

Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU)

4 қабат, 413 аудитория