6 қыркүйек 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы
Батыс Қазақстан облыстық филиалы басшысының орынбасары Р.Х. Хайрушева ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында бейнеконференция байланысы арқылы «Азаматтық қоғамның жария парассаттылықты жақсартуға және сыбайлас жемқолық деңгейін төмендетуге тиімді қатысу нысандары» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шараның мақсаты – азаматтық қоғамды жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету, оларға әдістемелік көмек көрсету және жария парасаттылық мәселелерінде уақытылы консультация беру.
Жиынға партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, блогерлер, БАҚ өкілдері мен басқа да сала мамандары қатысты.