21
Қыркүйек

Белгілі жазушы-драматург пен ұшқыш қыз «Ақ жол» партиясының қатарына қабылданды


20 қыркүйек 2020жыл, "Ақ жол" партиясының баспасөз қызметі
Бүгін «Ақ жол» фракциясының отырысында белгілі журналист, жазушы, драматург Өтен Ахмет “Ақ жол” демократиялық партиясына кіру туралы өтінішін тапсырды.
Өтен Ахмет - баспасөзде жиі жарияланып жүрген өткір мақалаларымен танымал азамат. Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының жары Бәдрисафа туралы «Азаппен өткен өмір-ай!» атты тарихи драманы, «Ананың ақ сүті», "Қыршын", «Жұлынқұрт» қойылымдарын жазған.
Өтен Ахметтің өтініші фракцияның отырысында бейнеконфереренцияға қатысып отырған “Ақ жолдың” барлық филиалдарының өкілдерінің қатысуымен дауысқа салынды. Өтініш бірауыздан мақұлданып, ол партия қатарына қабылданды.

Сондай-ақ «Ақ жол» партиясының қатарына «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та білім алып жатқан Әйгерім Молдашева да өтініш берген. Ол – авиациялық университетті бітірген соң ауылшаруашылық авиациясында, «Эйр Астана» ұлттық компаниясында Boeing жолаушылар ұшағында екінші ұшқыш болып жұмыс істеген. Тіпті ғарышкерлер құрамына да іріктеуден өткен. Қазіргі уақытта Әйгерім оқуын АҚШ-та жалғастыруда.
Ұшқыш қыз Әйгерім Молдашеваның да арызы бірауыздан мақұлданып, ол партия қатарына қабылданды.