25
Қыркүйек

Депутаттар Мырзакент тұрғындарымен кездесті


25 қыркүйек 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық филиалы

Бүгін Түркістан облысында іс сапарда жүрген “Ақ жол” партиясының депутаттары Мырзакент елді мекеніндегі баспаналары су астында қалған тұрғындардың қайта тұрғызылған жаңа үйлерін аралап, көпшіліктің мұң-мұқтажына құлақ түрді.

Мұнан соң, жаңадан пайдалануға берілген Мырзакент аудандық ауруханасында болып, дәрігерлермен кездесті. Партия төрағасы Азат Перуашев ақ халаттыларға індетпен күрес кезіндегі қажырлы атқарған жұмыстарына алғыс айтып, бірнеше дәрігерді «Жанқиярлық еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
Фракция депутаттарының аймақтағы сапары жалғасуда.