21 ақпан 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалы
Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Ерлік Өмірғали Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында жергілікті әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты. Алдымен халық қалаулысы Зеренді ауданындағы С. Сейфуллин селолық округіне қарасты Бірлестік ауылында болып, білім ордасының жай-күйін көрді. Мектепке көптен бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Жылу жүйесінде де ақау бар.
Ауыл әкімі Бейбіт Әділханов халық қалаулысы бұл мәселені шешуге дәнекер болып, шағын ауылдың негізгі рухани орталығы - мектептің жағдайын жақсартуға жоғарыдан да қаржылай қолдау көрсетілсе деген өтінішін жеткізді.
Сондай-ақ ауыл тұрғындары басқа да түйткілді мәселелер туралы айтты.
Олар айтқан мәселелердің маңыздысы мыналар:
Парламент өкілі елімізде ауылдарды көркейтуге көңіл бөлінетінін, жаңа Қазақстанды құру идеясы өміршең болып отырғанда мұндай елдік істер тиісінше шешімін табады деді.
Кездесуге аудандық мәслихат депутаты, «Көкшетау сүт зауыты» кәсіпорнының директоры Ерсайын Жақсылықов та қатысты. Ауыл халқы "Ақ жол" партияның атқарып жатқан жұмыстарына оң бағасын беріп, ризашылықтарын жеткізді.