10 қаңтар 2020 жыл, "Ақ жол" партиясының Ақмола облыстық филиалы
Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова Зеренді ауданының әкімі Бауыржан Ғайсамен жүздесіп, өңірдегі кәсіпкерлермен кездесті.
Іссапар барысында "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырлуы сөз болып, өлке тарихына, оның ішінде Абылайханның серігі болған өлке тумасы Қанай бидің есімін ұлықтау туралы да әңгіме өрбіді.
"Тұмса табиғаты бар Зеренді өңірінің тарихи тұлғаларына көңіл бөлінсе, туризм саласы да алға қарай жылжиды деп ойлаймын" - деді, өз сөзін де Меруерт Қазбекова.
Аудан әкімі Бауыржан Ғайса өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын оң өзгерістер болып жатқандығын айтып, оған қоса, бірнеше мәселені де тілге тиек етті. Атап айтқанда, аудандағы электр энергиясының жеке меншік иелерінің қолында болуы көптеген қиындықтарды туғызып отқандығын жеткізіп, осы жағдайға назар аударуын сұрады.
Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова бұл мәселені өз бақылауына алып, шешуге ықпал жасайтындығын білдірді.
Кездесу соңында Мерует Айтқажыққызы аудан әкімінің алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, жүктелген міндеттердің оңынан жүзеге асуына сенім білдірді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Ақмола облысындағы жұмыс сапары барысында азаматтарды қабылдап, оларды толғандырған сұрақтарына жауап берді.
Депутаттың қабылдауында болған азаматтардың бірқатары жеке мәселелері туралы шешімін таппаған жайлар туралы көмек сұраса, билік тарапынан қолдауға зәру болған фермерлер де сауалдарын қойды. Аталған мәселелердішешімін табуға уәде берген, халық қалаулысы өз атына өтініш жазуға кеңес берді.
Сондай-ақ, қабылдау барысында өңірдегі тарихи тұлға Қарауыл Қанай биге арналған іргелі шаралар ұйымдастыру туралы сұрақтар қойылды. Мәжіліс депутаты аталған мәселелердің шешімін өзінің қатаң бақылауына алатын болды.