07
Желтоқсан

“ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы” жалпыұлттық байқауының екінші кезеңі мәресіне жетті

7 желтоқсан 2021 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы

Бүгін Ақтау қаласында Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде «Ақ жол» демократиялық партиясы ұйымдастырған «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауының екінші кезеңі өтті. Шараға алаштанушы ғалымдар  Сұлтан Хан Аққұлы, Амантай Шәріп, «Ақ жол» партиясының өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Байқаудың басты мақсаты – Алаш қозғалысының саяси тәжірибесін, экономикалық бағдарламасын және рухани мұрасын қазіргі Қазақстан қоғамын жаңғырту контексінде зерделеу мен насихаттау болып табылады.

Биыл байқаудың І кезеңіне 18 бен 35 жас аралығындағы үміткерлерден 300-ге жуық материал түсті. Сараптау комиссиясы байқауға түскен жұмыстарды тексеріп, 4 номинация бойынша жалпы саны 40 үздік жұмысты екінші кезеңге іріктеді.

Еліміздің әр аймағынан келген 40 қатысушы «Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Алаш идеялары іс жүзінде», «Қазақ меценаттары және олардың Алаш қозғалысын қолдау жолындағы қызметі», «Алаш қайраткерлерінің Қазақстандағы ашаршылықпен күресі» және «Алаш қозғалысының аз зерттелген және беймәлім тұстары» номинациясы бойынша бақ сынады.

 Жас зерттеушілер ұсынған еңбектерді “Алаш” мәдени және рухани даму институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жүсіп Сұлтан Хан Аққұлы төрағалық еткен, құрамында саяси ғылымдарының докторы, профессор, Ш. Есенов  атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісі Киікбай Жаулин, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп болған қазылар алқасы бағалады.

Әділ қазылар алқасының таңдауымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Алаш идеялары іс жүзінде» номинациясы бойынша Атырау облысынан Сәкен Мирболатұлы Мирболатов, Алматы облысынан Самал Хұсайынқызы Мұхаметқали, Маңғыстау облысынан Жайшылық Сарсенбекқызы Кеншимова, Алматы қаласынан Ақмарал Рашидқызы Бейсембаева, Маңғыстау облысынан Маржан Орынбасарқызы Смағұлова, Ақтау қаласынан Жансая Әбдіразаққызы Сман, Жаңаөзен қаласынан Венера Жұмашқызы Жолмұхамбетова үздіктер қатарынан көрінді.

«Қазақ меценаттары және олардың Алаш қозғалысын қолдау жолындағы қызметі» номинациясы бойынша Алматы облысынан Жұлдыз Жиенбаева, Маңғыстау облысынан Насихат Қалмұрзаева, Перизат Оралханова, Нұр-Сұлтан қаласынан Шұғыла Есенгелдина, «Алаш қайраткерлерінің Қазақстандағы ашаршылықпен күресі» номинациясы бойынша Алматы қаласынан Айгүл Өтеміс, Надия Жастілек, Семей қаласынан Ақерке Мырзағалиева, Түркістан облысынан Сымбат Абайқызы Маратова, Батыс Қазақстан облысынан Анатолий Райымбек, Атырау облысынан Аманер Жайшылық, Маңғыстау облысынан Перизат Әбішқалиева, Ақтау қаласынан Тұрсынай Аманкелдіқызы, Тимур Хусаиновтың жұмыстары оң бағаланды.

«Алаш қозғалысының аз зерттелген және беймәлім тұстары» номинациясы бойынша Атырау қаласынан Нұргүл Қамиева, Алмас Абай, Жаңаөзен қаласынан Динара Сисенова, Ақтөбе облысынан Асылжан Нұрлан, Батыс Қазақстан облысынан Әлия Сағынова, Ақтау қаласынан Сымбат Амалова, Тараз қаласынан Мадияр Ералыұлы үздік атанды. Олардың барлығы қаржылай сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Қызу пікірсайыстың нәтижесінде байқаудың ақтық кезеңіне Гүлнұр Ұзакбайкызы Үркінбаева (Маңғыстау облысы, №3 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі), Алтынай Өктемқызы Қоңыратбай (Шымкент қаласы, №66 "Қазығұрт" жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі), Күмістай Рашитқызы Аманкелді (Қарағанды облысы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің магистранты, №23 орта мектептің мұғалімі), Сәрсен Бәшембаев (Алматы облысы, Мұқаншы орта мектебі мұғалімі), Жандос Хамза(Орал қаласы, ТДК-42 телеарнасының тілшісі), Гүлжанат Оразбекқызы (Маңғыстау облысы, №7 мектеп-лицейінің мұғалімі),  Әбілдос  Рамазан (Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистаранты), Нұрлыбек Андыз (Маңғыстау облысы, А.Өтепбергенов атындағы мектеп мұғалімі), Ерқанат Қажымұрат (Батыс Қазақстан облысы,  М.Өтемісов атындағы БҚУ студенті), Данияр Ихсан (Қостанай қаласының тұрғыны), Жауынбай Жылқыбайұлы (Қостанай облысы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай университетінің студенті),  Бауыржан Сисенов (Атырау облысы, «Қызылқоға» газетінің редакторы), Айбек Оралханов (Павлодар қаласы, «Найзатас» облыстық әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының қызметкері) жолдама алды.  

Еске салайық бұл байқау дәстүрлі түрде биыл 10-шы рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін Семей, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Нұр-Сұлтан қалаларында өткізілген.

Ақтық мәре 14 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін болады.