27 тамыз 2020 жыл, "Ақ жол" партиясының Ақтөбе облыстық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы, облыстық Мәслихат депутаты Асқар Садықов, филиал төрағасының корпоративтік дамыту орынбасары Әсия Құлдыбаева бастаған белсенділер 26-27 тамыз күндері Қобда,Ойыл және Әйтеке би аудандарында іс-сапарда болып қайтты. Сапар барысында аудан әкімдерімен, цифрлық қызмет көрсету орталығы, әлеуметтік қамсыздандыру мекемесі жұмысшыларымен және жас кәсіпкерлермен кездесіп, пікір алмасып, кәсіпті оңтайландыру әдістерімен бөлісті. Кездесу барысында филиал төрағасы жас кәсіпкерлердің ой-ұсыныстарын тыңдап, көкейкесті сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ денсаулық сақтау нысандарын аралап Ойыл ауданына құны 700 000 тг. оттегі концентраторы, 20 жеке қолдану құралдарын (қолғаптар, медициналық халат және т.б.), Әйтеке би ауданына 120 жеке қолдану құралдарын, Қобда ауданына оттегі концентраторымен 10 дана ЖҚҚ сыйға берілді.
Әр ауданнан жас кәсіпкерлер партия құрамына кіріп, мәслихат депутаттығына үміткерлікке арасынан 6 адам сараптама жасалып алынды.