22
Ақпан

Көкше кәсіпкерлері ақжолдық депутат Ерлік Өмірғалиға мәселелерімен жүгінді

22 ақпан 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалы

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Ерлік Өмірғали Көкше өңіріндегі жұмыс сапары барысында шағын және орта бизнестің өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ кәсіпкерлерді толғандыратын сұрақтарға жауап іздеу мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысты.

Кездесуде кәсіпкерлік саланың мәселелері және оларды шешу жолдары мен түйткілді проблемалары айтылды. 

«Атамекен» ҰКП Ақмола облысы бойынша өкілдігінде өткен шарада кәсіпкерліктің әртүрлі түйткіл мәселелерін көтерді.

«Атамекен» ҰКП Ақмола облысы бойынша өкілдігінің жетекшісі Ерқанат Серікұлы бизнес нысандарын негізсіз жазалау, ауыл шаруашылығына берілетін субсидиялық қаражатты игеруде жеке меншік нысандарға заңсыз талап қойылатынын айтты.

Сондай-ақ сұйытылған газды жеткізу қызметі де сөз болды.

  • Газ бағасының тұрақтағаны жақсы, алайда газ тарату мекемелері қиындықтарға тап болуда. Мысалы, газ беру операторынан жергілікті жерде соңғы баға арзандамай тұрғанда алынған қорға жоғары баға төленген еді. Ал ол газды арзанға сату немесе өткізу жергілікті газ тарату мекемелерін шығынға ұшыратуда, - дейді кәсіпкерлер.

Халық қалаулысы елдің экономикалық ахуалын жақсартудың бірден-бір жолы – бизнес. «Ақ жол» партиясы осы саладағы заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында кәсіпкерлер құқығын қорғап келеді. Бұл өңірлік деңгейде ғана емес, республика аумағындағы проблема екенін айтып, бұл мәселе партия фракциясының талқылауына ұсынатынын жеткізді.

Күн тәртібіндегі басқа да мәселелер қаралып, құрылыс саласына қатысты заңнама мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесуге партияның Ақмола облыстық филиалы басшылары мен жергілікті деңгейдегі «ақжолдың» мәслихат депутаттары қатысты.