08
Қантар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ МЕРУЕРТ ҚАЗБЕКОВА БУРАБАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

8 қаңтар 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы

         «Ақ жол» партиясының депутаты Меруерт Қазбекованың Бурабай ауданындағы кезекті сапары  «Ақ желкен» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінде  жалғасты.  

Шағын және орта бизнестің дамуына  жағдай жасау, кәсіпкерлерді  қолдан келгенше демеу «Ақ жол» партиясының негізгі мақсаттарының бірі болып келеді. Былтырғы жылы депутаттардың жергілікті  кәсіпкерлермен кездесу барысында қаланың іргелі сауда орталығының иесі Біләл Сәкенов монополиялық кәсіпорындар мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан су мәселесі бойынша туындаған қиындықтардың шешілмегендігін айтып көмек сұраған.  Аталған мәселе «Ақ жол» партиясының араласуымен бірден оң шешімін тауып, кәсібі өрге домалаған кәсіпкердің жоспарлаған істері оңға басқан. Оған нақты дәлел кездесу барысында сауда орталығының жанынан ашылған бірнеше қызмет көрсету орындарының бой көрсетуі  болса керек.

Нәзік жандылардың  бизнес саласында өзіндік  рөлге ие болуына қолдау көрсетуде де «Ақ жол»  партиясы көмегін аяған емес. Аталған сауда орталығының  ішінде  былтыр тек жоспарда болған дәмхана аздаған уақыт аралығында толық күшінде жұмысын бастап жіберген.

Осыдан кейін Мәжіліс депутатының жұмыс сапары жақында  әлемдік  стандарттарға сәйкес бой көтерген «Байтас» қонақүй кешенінде жалғасты. Өткен жылдың соңына  таман ғана пайдалануға берілген қонақүйкешенінде  бірнеше  аппартаменттер мен қонақүй жайлары демалушыларға  тәулік бойына қызмет көрсетуде. 

Бурабайдағы заманға сай жабдықталған кешенді аралап көрген Мәжіліс депутаты өңірдегі туризм саласының  дамытуға баса назар аударылып отырғанын айта келе, кәсіпкерлердің жұмысына жоғары баға беріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.