18
Наурыз

Мәжіліс депутаты Атырау-Астрахань тас жолын жөндеу барысымен танысты

18 наурыз 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалы

18 науырыз күні Парламенттегі «Ақ жол» фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев «Атырау-Астрахань» жолының қалпына келтіру жөніндегі жұмыстармен танысты. Жұмыс тобында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Қазавтожол», «Қазавтодор» компанияларының өкілдері, мердігер ұйымдар мен Атырау облысы әкімдігінің өкілдері болды. Құрылыс жұмыстарында расымен кідіріс бар екен. Осыған қатысты жауаптылар халыққа себебін түсіндірді.

Ауыл тұрғындары айналма жолдарға уақытылы су себілмеуінен қиындықтарды көріп жатқанын және мал өткелдерінің жоқтығын айтты. Мердігерлер өз тарапынан шешу жолдарын қарастыруға сөз берді.

Бұдан бөлек, депутат Қарабау-Индер тас жолын қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Бұл жерде де қаржының жетіспеушілгі жол құрылысын кенжелетті. Осы мәселе бойынша депутат әріптестерімен бірге республикалық бюджетті нақтылау кезінде жобаны қосымша қаржыландыруға қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.