08
Шілде

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов Сыр өңіріне барды

8 шілде 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Қызылорда облыстық филиалы

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов Қызылорда облысындағы бірнеше аудандарды аралап, көпшілікті толғандырған мәселелермен танысып, халықтың ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Халық қалаулысы Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарынынан шалғай орналасқан Бөген, Жаңақұрылыс, Шәкен, Асқар, Көктөбе ауылдары мен Жаңақорған кенті, Кейден ауыл округіне барып, ауыл халқымен, кәсіпкерлермен, құмда отырған малшылармен жүздесіп, жергілікті жердегі түйткілді мәселелерге құлақ асты. Кәсіпкерлер санитарлық талаптардың әділетсіздігіне наразылығын жеткізді.

Кездесуде ауыл тұрғындары басты мәселе қуаңшылық, жайылымдық, шабындық жерлерді суландыру, төрт түлік малға қажетті жем-шөп, жол мәселесі қиындық тудырып отырғанын айтты.

Сапар барысында мәжіліс депутаты Тайпақкөл,  Қандыарал көлдер жүйесі мен Басқарма, Көкарал су торабының қазіргі жағдайымен танысты.   Халық қалаулысының Сыр өңіріндегі сапары жалғасуда.