21
Наурыз

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Түркістан облысында іс-сапарда

“Ақ жол” фракциясының мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Түркістан облысына іс-сапармен келді.

Онда облыстық және қалалық, аудандық мәслихат депуатттарымен кездесті.

Басқосу барысында “Ақ жол” демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасы мен оны іске асырудың жолдары талқыланды.

Жалпы, партиямыздың сайлауалды бағдарламасы халықтың әл-ауқатын көтеруге, экономиканың драйвері саналатын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Әсіресе, осынау пандемия қыспаққа алған тұста шағын кәсіп иелерін жөн-жосықсыз тексерулерді доғарып, салықтық жеңілдіктер жасау қажеттігі айтылды.

Әр қала мен әр ауданнан келген депутаттар мәжіліс депутаты Қазыбек Иса мырзаға өз сайланған аумағындағы өзекті мәселелерді жіпке тізді.

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса көпке тіл жанашыры ретінде белгілі. Отырыста мемлекеттік тіл мәртебесі де сөз болды.

«Ақ жол» демократиялық партиясы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуді қолдайды. Қазақ тілін экономикамен қаржы саласына, мемлекеттік басқару мен шетелдік инвесторлардың жұмысына мемлекеттік мәртебесіне сай енгізуіміз керек.

Сондай-ақ, партиямыздың имиджін қалыптастырып, халыққа кеңінен таныту жұмыстарын жүргізу керек. Халық “Ақ жолдың” депутаттары атқарып жатқан іс-шаралармен етене таныс болып, елмен бірге етене жұмыс істеуге тиіспіз.

Кездесу барысында депутаттар өзара пікір алмасып, ұсыныстар ескерілді.

Облыстағы “Ақ жол” фракциясының депутаттары бас қосқан алқалы жиында айтылған ойлар мен маңызды мәселелерді Қазыбек Иса мырза елеп-екшеп алдағы уақытта Парламент қарауына ұсынатын болады.