6 қараша 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс X конференциясы өтті.
Конференцияға «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы «Ұлттық қоғамдық сенім» кеңесінің мүшесі, ақын, Қазыбек Иса, партия төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсембинов, орталық Кеңестің хатшысы Асылхан Қожахметов, орталық аппаратың заң бөлімі басшысының орынбасары Қуат Амирханов Zoom платформасы арқылы онлайн қосылды.
Сонымен қатар конференцияны филиалдың Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирі арқылы да көрсетті. Жиынды «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жаңбырбай Матаев жүргізді.
Конференция жұмысын бастамас бұрын, жұмысшы органдары сайланып, Қазақстан Республикасының гимні орындалды.
Мұнан соң «Ақ жол» партиясының XVI кезектен тыс құрылтайына делегаттар сайланып, Мәслихат сайлауы үміткерлері тапсыратын декларация анықтамасы мен сайлау ережелері түсіндірілді.
Конференция барысында «Ақ жол – жастар» жастар қанатына жаңа жастар қабылданып, оларға партиялық билет табысталды. - «Ақ жол-жастар» жастар қанаты Маңғыстаудағы ең белсенді ұйым. Мен әрқашан өңірде өтіп жатқан әсіресе жастар ұйымдастыратын шараларға қатысамын. Солардың ішінде осы жастар қанатың жұмысы ұнайды. Мен өзімді осы ұйым арқылы дамытып, белсенді мүшесі болуға шешім қабылдадым, - деді Дияс Жұмажан.
Конференцияның күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер толықтай қаралып, тиісті хаттама толтырылды.
Жиын соңында күйші, Халықаралық және Республикалық сайыстардың жүлдегері, ұстаз Набияр Алтаев «Сарыарқа» күйі орындады. Конференция қатысушылары бүгінгі жиынды тарихи күнге балап, естелік суретке түсті.