02
Қантар

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

2 қаңтар 2021 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы

"Ақ жол" демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалының үгіт-насихат тобы 2020 жылдың 22 желтоқсан күні Форт Шевченко қаласының сайлаушыларымен кездесті.

         Кездесуге филиал төрағасы Жаңбырбай Матаев, Түпқараған аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Жандарбек Жанғожин, Ғазиз Iзтұрғанов және ауданың кәсіпкерлері қатысты.

         Мұнан соң үгіт-насихат тобы қала тұрғындарына режиссер Еркін Рақышевтің "Ашаршылық" деректі фильмін көрсетіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

         Сондай-ақ 23 желтоқсан күні Маңғыстау облыстық филиалының үгіт-насихат тобы «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен кездесу өткізді. Жиынға филиал төрағасы Жаңбырбай Матаев, Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Талғат Канапин, Мұнайлы аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Жақсығали Құдайбергенов қатысты. Кездесуде «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсірдіріп, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.

         24 желтоқсан күні "Ақ жол" демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалының үгіт-насихат тобы "Асар С" сауда орталығында болды. Партия өкілдері жұмысшылармен кездесуде сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы жоспарлары туралы айтты. Кездесуде жұмыссыздықпен күрес, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік мәселелер көтерілді. Сәйкесінше, кәсіптегі кез келген проблеманы оңтайлы шешіп, шағын және орта бизнесті тоқтатпаудың жолдарын арттыру партияның басты мақсаты екені айтылды.

         Жиынға филиал төрағасы Жаңбырбай Матаев, Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Асет Манов, Ақтау қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Наурызбек Каримбаев, Абылай Энгель қатысты.  

         25 желтоқсан күні "MANGYSTAU" телеарнасының тікелей эфирінде ҚР Парламенті Мәжілісі мен маслихаттарының сайлауына қатысушы партиялар арасында теледебат өтті. Үміткер партия өкілдері 1 сағат бойы өз сайлауалды бағдарламаларын қорғап, өңір халқына түсіндірді. Теледебатқа "Ақ жол" ҚДП Маңғыстау облыстық филиалының бас маманы, "Ақ жол-жастар" жастар қанатының жетекшісі Гүлмайса Шаңбаева қатысты.

         Сонымен қатар 2 қаңтар күні облыстық штаб мүшелері Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге филиал төрағасы Жаңбырбай Матаев, Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Бердібек Есенжанов, Мақсат Мұқаш, Светлана Сәндібаева, Абыз Ақмырзин қатысты. Партия өкілдері Жаңаөзен қаласының сайлаушыларына партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Жиын барысында Жаңаөзен қаласының тұрғындары атаулы әлеуметтік көмек, кәсіпкерлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алды.