19
Мамыр

Маңғыстауда жастар арасында облыстық пікірсайыс турнирі өтті

18 мамыр 2022 жыл «Ақжол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжениринг университетінің қолдауымен “Ақ жол” ҚДП Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыруымен “Ақ жол” партиясының 20 жылдық мерейтойы аясында «Жаңа Қазақстанға - түбегейлі өзгерістер қажет» атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті.


Турнирдің мақсаты Ақ жол» партиясының саяси бағдарламасының өзектілігін арттыру мен алда тұрған міндеттерге барынша сәйкес келіп, қоғамдағы «Ақ жол» партиясына деген сұранысты күшейту.

Пікірсайыс турнирі Америка парламенттік форматында қазақ тілінде өтті.  Ойынға 10 фракциядан 20 қатысушы болды.

Турнирдің ашылу салтанатына “Ақ жол” ҚДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Жаңбырбай Матаев, төраға орынбасарлары Талғат Канапин мен Гүлмайса Шаңбаева қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.


Сондай - ақ, пікірсайыс турнирінің тақырыптары “Ақ жол” партиясының саяси бағдарламасының тармақтарынан алынып, қатысушылар 5 тақырыпта ойнады.

Турнир қорытындысы бойынша қатысушыларға Ақ жол” партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Жаңбырбай Матаев алғыс хат пен сайлауалды бағдарламасын табыстады.

Жалпы нәтиже бойынша;

«Үздік спикер» номинациясымен марапатталған Ержан Тұрлыбаевқа алғыс хат пен кубок және 20 000 теңгелік ақшалай сыйақы;

І орын иегерлері «Ақ жол» фракциясына 50 000 теңге, II орын иеленген «Queens» 40 000 теңге, ІІІ орын иегерлері «Тұғыр» фракциясы 30 000 теңге ақшалай сыйлық пен алғыс хат, кубок және медальдармен марапатталды.


Оған қоса, пікірсайыс турниріне төрешілік еткен әділқазыларға алғыс хат пен ақшалай сыйлық табыс етілді.

Турнир соңында филиал төрағасы қатысушыларға ойын туралы пікірін білдіріп, І орын иеленген қатысушыларға 11 маусымда Нұр Сұлтан қаласында өтетін республикалық турнирге жолдама берді.