6 қазан 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы кезекті кездесу жұмысын ұйымдастырды. Кездесудің қонағы тіл жанашыры, қоғам белсендісі, «Айқанат» білім беру қорының облыс бойынша координаторы – Әлжан Гүлнар Жәрдемқызы.
Ол еңбек жолын ауыл мектебінен бастады, тарих пәнінен сабақ берді. Кейін М.Өтемісұлы Батыс Қазақстан университетінде 10 жыл ұстаздық қызмет атқарды. Ол ана тілімізді дамыту аясын кеңейтуге бағытталған жобалар мен арнайы мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын айтты. Бүгін күнге дейін ҚР мәдениет министрлігі Тіл Комитетінің Құрмет грамоталары мен ордендерін иеленген.
«Қазіргі таңда тілдің шалалануы көбіне жастар арасында белең алып келеді. Жастар – мемлекеттің болашақ тірегі, оны одан әрі әлемге танытып мерейін асқақтатушылар. Сонда не үшін тілді бұрмалап, оны қолдануға ұяламыз? Керісінше, осындай байтақ елде дүниеге келіп, қазақ тілінде сөйлеп жатқанымызға қуануымыз керек»,- деді Гүлнар Жәрдемқызы. Сондай-ақ барлық сұрақтарға жауап берді.