22
Шілде

Меруерт Қазбекова: Тұрғындардың талап-тілектері назарға алынады

22 шілде 2020 жыл, "Ақ жол" партиясының Ақмола облыстық филиалы

ҚР Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекованың қолдауымен Ақмола облыстық филиалының атынан көп балалы және тұрмыс жағдайы төмен мұқтаж жандарға азық-түлік түрінде әлеуметтік көмек жасалды.

Партия мүшелері  40 отбасыға азық-түлік жиынтығын үйлеріне дейін жеткізіп берді. 

-Қазір көпшілік қиналып отыр. Бұл заттар бізге ауадай қажет. Жолдасымның жұмысы уақытша тоқтағандықтан біз де қиналып қалғанымыз рас. Партия мүшелеріне, осы істі ұйымдастырып, демеушілік жасаған депутат Меруерт Қазбековаға көп рахмет айтамын. Қиын кезеңде қол ұшын созып жатқан қайырымды жандарға мың алғыс!-дейді Айжан есімді көпбалалы ана.

Арнайы көлікпен үйді-үйді аралап отбасылардың жағдайын білген депутатқа тұрғындар өз мәселелерін айтты.

“Ақ жол” партиясының облыстардағы филиалдары төтенше жағдай уақытында да көптеген   отбасыларға  көмек  көрсетті. Енді  карантин   кезінде де  қол ұшын  созуды  жалғастырып келеді.  Жетекші   партия ретінде де халықтың әлеуметтік  мәселелеріне  үнемі  назар  аударады. Бүгінгі айтылған талап  тілектер де алдағы уақытта қарастырылады,-деді Меруерт Қазбекова.

Қазіргі күрделі кезеңде «Ақ жол» партиясы халықпен бірге.

Парламент мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова волонтерлермен бірге коронавирус инфекциясына байланысты дәріханалардағы дәрі бағасына назар аударып, мониторинг жүргізді.

Қаладағы бірқатар дәріханалардағы бағалардың әртүрлілігі мен кейбір дәріхана сатушыларының бағаны жасырып, тексеріс кезінде сұрақтарға тиісті жауап бермегені үшін ескерту жасалды.