Депутат Талғат Ерғалиев Солтүстік Қазақстан облысының әскери қызметкерлерімен кездесті
8 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Талғат Ерғалиев жұмыс сапарының соңғы күні Солтүстік Қазақстан облысының әскери қызметкерлерімен және полицейлермен кездесті.
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаты ІІД-не барған кезде заңшығарушылық жұмыс туралы айтты және кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Полиция қызметкерлері өз кезегінде тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты мәселені көтеріп, қызметкерлердің бір бөлігінің пәтер жалдап тұруға мәжбүр екендерін айтты. Олар полицейлерге отбасылық түрдегі жатаханаларда тұруға жағдай жасалса, бұл мәселенің шешуін табуға болар еді дейді.
ҚР ІІМ-нің N 6637 әскери бөлімінде Талғат Ерғалиев әскери қызметкерлердің тұрмыс-тіршілігімен танысты. Бүгінде бөлім аумағында спорт залы, жаттығу базасы, қазіргі заманға лайық асханалар бар. Әскери қызметкерлер спорт залдың күрделі жөндеулеріне байланысты проблемаларымен бөлісті.
Сонымен қатар, Талғат Ерғалиев ҚР ІІМ-нің Жоғары Әскери институтына барды. Депутатқа курсанттардың әскери дайындықтарын, әскери техникаларды көрсетті, институттың Әскери даңқы мұражайының экспозициясымен таныстырды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Талғат Ерғалиевтің жұмысының қорытынды сәті, «Ақ жол» ҚДП облыстық филиалындағы партияның Қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау болды, сондай-ақ онда қалалық кәсіпкерлер де өз проблемаларын айтуға келді.