Депутат Азамат Әбілдаев Жамбыл облысы бойынша сапары барысында мемлекеттік қызметкерлермен, жеке кәсіпорындар, медициналық және білім мекемелерінің қызметкерлерімен кездесу өткізді
8 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Депутат Азамат Әбілдаев Жамбыл облысы бойынша сапары барысында мемлекеттік қызметкерлермен, жеке кәсіпорын, медициналық және білім мекемелерінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жуалы аудандық әкімдігінің қызметкерлерімен және аудандық маслихат депутаттарымен, «Мөлдір бұлақ» балабақша, «Бурненский сырзавод» ЖШС-нің, «Агро азық-түлік нан мен жабдықтау» ЖШС-нің, орталық аудандық аурухана, «Г.Орджоникидзе» атындағы мектеп-гимназияның ұжымдарымен және Жуалы ауданы активтерімен кездесу барысында депутат «Қазақстан-2050» Стратегиясының өзекті міндеттеріне тоқталды, «Ақ жол» ҚДП фракциясының қызметі туралы айтып берді.
Сонымен қатар, Азамат Әбілдаев зейнетақы жүйесі туралы, жер қатынастары туралы заң жобалары бойынша «Ақ жолдың» ұстанымы туралы жан-жақты ақпарат берді.
Қорытындылай келе ҚДП депутаты сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.