02
Сәуір

Санат жоқ 02.04.2013

Азат Перуашев: ІІМ – гі «102» жедел қызметін ТЖМ-нің қарамағына беруге дайын ба?

2 сәуір  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Азат Перуашев: ІІМ – гі «102» жедел қызметін ТЖМ-нің қарамағына беруге дайын ба? – өткен бейсенбі күні ІІМ-нің жанындағы Қоғамдық кеңес отырысы барысында «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев ішкі істер министрлігінің басшылығына осындай сұрақпен шықты.
Аталмыш отырыс басында кеңес мүшелері ІІМ-нің сарапшы-криминалисттерінің жұмыстарымен танысты, «102» жедел қызмет орталығына болды. Депутаттарды қазіргі геномдық және биологиялық криминалистика әдістерімен, атап айтқанда Іле-Алатау  саябағындағы жаппай адам өлімін ашуда қолданған әдістермен таныстырды.  Жедел басқару орталығында Қоғамдық кеңес мүшелеріне нақтылы уақыт режімінде қала көшелеріндегі жағдайларды бақылауға, құқық бұзушылықтарын айқындауға және қылмыскерлерді ұстауға мүмкіндік беретін сыртқы бақылау камераларының жұмысы көрсетілді.
Ішкі істер органдарының қызметіне жалпы оң бағаларын білдіре және ашық жұмысқа ұмтылысына алғыс айта келе, 'Ақ жол' фракциясының жетекшісі ІІМ жұмысына жүйелі көзқарас қажеттілігін айтқан болатын. Сонымен бірге бұл тек полиция қызметіне ғана  емес, сондай-ақ оның басқа мемлекеттік органдарымен өзара әрекетіне қатысты болу тиіс.
 
Азат Перуашев Парламентте қарастырылып жатқан төтенше жағдай министрлігімен (ТЖМ) әзірленген «Азаматтық қорғау туралы» даулы заң жобасын мысал ретінде келтірді. Парламентке осы заң жобасын енгізудің алдында барлық министрліктер құжатта қамтылған нормаларын мақұлдауға міндетті  еді.
 - Сіз жаңа ғана біздерге, видеокамераларға түсірілген бірқатар өлтірулердің және шабуылдардың және олардың жедел түрде ашылуын мысалға келтіріп, 102 қызметінің кәсіби жұмысын көрсеттіңіздер, астана басшылығы сіздердің министрлігіңіздің қызмет ұйымдарына қандай материалдық-техникалық қолдау көрсеткенін айтып бердіңіздер. 
  Бірақ ІІМ-де 'Азаматтық қорғау туралы' заң жобасының талаптарына сәйкес 102 қызметін жедел басқаруды сіздер ТЖМ-не беруге тиіс екендіктеріңізді біле ме? Астана басшылығы осы туралы біле ме? - деп сұрады  депутат.
 Заң жобасы барлық жедел әрекет ету қызметтерінің басшылығы  тек полицияның ғана  емес, сонымен бірге жедел медициналық көмек, коммуналдық шаруашылығы, өртке қарсы қызметі және т.б. ТЖМ-нің '112' кезекшілік қызметіне берілуі тиістігін қарастырады, олар шақыруларды қабылдап, оқиға болған орындарға баруға және олардың орындалуын бақылайды және т.б.
Нақты айтқанда, азаматтарға шұғыл көмек берудің  орнына, сіздің қызметкерлеріңіз өз іс-әрекеттерін толып жатқан  жаңа басшылықтың келісімін алуға  уақыт өткізетін  жедел қызмет үстінен қосымша бюрократиялық «қондырма» құрылады.
Мұндай қондырманың қаржылық қаражаттарды, тағайындау және штаттық бірліктерде тағайындау және шығару, техниканы сатып алу мен қызмет көрсету және т.б. өкілеттіліктерін қайта бөлінуіне әкелетіні түсінікті. Алайда, жедел қызметтердің осындай жұмыстарының нәтижелеріне жауапкершілікті  ТЖМ-і бұрынғы ведомстволарға қалдыруды  ұсынады – деп атап көрсетті  А. Перуашев.
Ол сондай-ақ, заң жобасына көптеген депутаттардың (жұмыс тобына 1200-ге жуық түзетулер түсті, бірқатар депутаттар, атап айтқанда А. Перуашев, Д.Назарбаева, О.Өксікбаев, Е.Никитинская, А.Әбілдаев, М. Қазбекова, Н.Жазылбеков, Т.Ерғалиев, А.Тұртаев және басқалар заң жобасын қайта өңдеуге ТЖМ-ін қайтаруды ұсынды) өте қатаң сынынан кейін ТЖМ өкілдері өз тарапынан барлық жедел қызметтерді басқаруды көздемейтіндігін, өзіне «тек үйлестіруді» қалдыратынын мәлімдегенін айтты. Бірақ, «Үкіметтің тұжырымдамалық ұстанымына» сүйене отырып, ТЖМ-нің басшылығы «Ақ жол» депутаттарының заң жобасындағы аталмыш нормасын тиісінше қайта өңдеу ұсынысын қасарып қабыл алмауда  және оны қайта қарауға жол бермеуде.
-                     Басқаша айтқанда, «үйлестіру» туралы сөздер тек сылтау ғана, ТЖМ заңға тікелей бақылау- өкімдік функцияларын итермелеп енгізуге тырысуда, бұл  жүйені төрешілдікке (бюрократияға) әкеліп қана қоймай, оның үстіне, азаматтарды құтқаруға қажетті алтын уақытын жоғалтуға соқтырады - деп түйіндеді қазақстандық демократтардың көшбасшысы.

Осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды, ІІМ – гі «102» қызметін жедел басқаруға ТЖМ-нің қарамағына тапсыра отырып, ол жұмыстың нәтижелеріне қалай болғанда да жауапты болуға дайын ба? – деп қайталады өз сұрағын Азат Перуашев.

Бұл сұрақ жауапсыз қалды. Мүмкін, ІІМ-де ұсынылған «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасы өкілеттіліктерді қайта бөлу аспектісінде зерттелмеген болар. Мүмкін бұл тек ІІМ-де ғана емес шығар.