«Ақ жол» партиясы «Азаматтық қорғау туралы» заңда кәсіпкерлердің және қатардағы азаматтардың заңды мүдделерін ескеру үшін ТЖМ-мен бірлескен сараптама тобын құруды талап етеді
6 наурыз 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясы «Азаматтық қорғау туралы» заңда кәсіпкерлердің және қатардағы азаматтардың заңды мүдделерін ескеру үшін ТЖМ-мен бірлескен сараптама тобын құруды талап етеді – бұл туралы ҚДП төрағасы Азат Перуашев кеше ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызметi комитетінің төрағасы, генерал Серік Әубәкіровтің қатысуымен болған фракцияның отырысы барысында мәлімдеді.
Фракция отырысы «Ақ жол» партиясының аймақтардағы барлық филиалдармен тікелей бейнеконференция режімінде жүргізіледі. Сондықтан да, болған пікірталасты ҚДП-ның Парламенттегі депутаттары және партияның орталық басшылығының мүшелері ғана емес, сонымен бірге еліміздің барлық облыстарындағы партия белсенділері бақылады және қатысты.
Жақында Азат Перуашевтің көпшілік алдында заң жобасын түбегейлі қайта қарау үшін ТЖМ-ге қайтаруды талап еткені белгілі. Жобаның даулылығын онымен жұмыс істеген 4 күн ішінде барлық фракция депутаттарынан 1200 жуық түзетулердің келіп түскені туралы фактінің өзі-ақ айтып тұр.
Қазақстандық демократтардың көшбасшысы генерал Әубәкіровті заңда тек ТЖМ-нің бақылау құқықтары қарастырылған, ал төтенше жағдайлардың алдын-алудың ешқандай міндеттері жоқ деп жазғырды.
- Біз заңнамаларды сақтауды бақылайтын және қадағалайтын органбыз ғой деп – қарсылығын білдірді бас өрт сөндіруші.
- Қателесесіз – еліміздегі заңнамалардың сақталуын бақылау және қадағалауды Бас Прокуратура жүзеге асырады - деп Азат Перуашев онымен келіспеді. Ал сіз – атқарушы органсыз. Ал, заңда сіздердің тікелей міндеттеріңізді орындау қайда? Сіздер барлығын кәсіпорындарға және жергілікті органдарға және жүктеп қойғансыздар, ал өздеріңіз тек тексергілеріңіз келеді.
Жоба азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзады, мысалы, мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің тек қана мемлекеттік объектілерді және тұрғын үй аумақтарындағы өрт сөндіруін қарастырған, бұл депутаттардың ерекше наразылығын туғызды.
Ал, мемлекеттік емес ғимараттар мен объектілер қайда қалады? Мемлекеттік органдарда жұмыс істемейтіндер де біздің азаматтар, олардың кінәсі не? Оларда салық төлейді емес пе, сіздің министрлігіңізде сол салық төлеушілердің есебінен ұсталады. Сіздер неге оларды құтқарғыларыңыз келмей, коммерциялық қызметтермен шартқа отыруға мәжбүрлейсіздер? – деп «ақжолдықтар» ТЖМ өкілінен жауап талап етті.
ҚР Конституциясының 6-бабында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк тікелей танылады және бiрдей қорғалуына кепілдік береді, деп атап өтті бұған байланысты А.Перуашев, өздеріңіздің ведомстволық бағыныстылықтағы ұйымдарыңыз үшін пайдалы орын ойлап тапқанша Конституцияны орындағандарың дұрыс болар еді. Депутат Нұрлан Жазылбеков көңіл аударған түбегейлі маңызды сәт, ол заң әзірлеуші нормативтік-құқықтық актілер туралы Заңды және парламенттік рәсімдерді тікелей бұзу болып табылатын заң жобасын қабылдаудың экономикалық салдарларының есебін бермеген болып шықты. С.Әубәкіров мырза есептің берілмеген себебі, оны есептеу... өте қиын деп түсіндірді.
- Бірақ бұл сіздердің жұмыстарыңыз емес пе. Заңды қабылдағанда оның неге апаратынын білмей тұрып, оны қалай қарауға болады? - деп таңданыс білдірді ҚДП фракциясы.
Депутат Екатерина Никитинская жобада ұсынылған «қатерлерді тәуелсіз бағалау» (ҚТБ) деп аталатынды бизнес субъектілерін қосарлама тексерудің түрі деп атады.
- Үкімет тап осы тексерулерді қысқарту үшін тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) енгізгенін еске салды - депутат. - Ал сіздер ТБЖ-нің құралы сияқты ҚТБ-ны ойлап тауып, бұл талаптың өңін теріс айналдырдыңыздар, және де бұл жай ғана тексеру емес, сіздердің заң жобасының барлығы да коммерциялық негіздегі тексеру!
Заң жобасын талқылаудың қорытындысы бойынша «Ақ жол» партиясының төрағасы құжатты тұжырымдамалық тұрғыда қайта қарап шығу үшін кері қайтаруға қатысты көзқарасын тағы да нақтылай түсті. Сонымен бірге, Азат Перуашев толып жатқан ережелерді депутаттар қатал сынға алғаннан кейін, ТЖМ-нің заң жобасын түбегейлі өңдеу үшін уақыт беріп, талқыламауды өтінгенін ескертті.
«Онда заңды тұтасымен кері қайтарып және бөліп-бөліп қарамай, қайта қараңдар» - деп ұсынды ҚДП-ның көшбасшысы.
Ол жобаны кешенді қайта қарау үшін жұмыс тобының шеңберінде сарапшылар тобын бөлуге дайын екенін білдірді, бірақ оған ТЖМ өкілдігінің қатысуы және жұмыстың толық ашық жүргізілуі тиіс. Серік Әубәкіров осы ұсынысты қолдады және сарапшылар тобына ТЖМ-нің басқа бөлімшелерінің де өкілдерінің қатысатынын хабарлады.
P.S. Алайда келесі күні, 6 ақпанда ТЖМ вице-министрі В.Петров оның өзінің бастамашылығымен жоспарланған фракция депутаттарымен кездесуден бас тартты, бәлкім фракция отырыстары бүкіл ел бойынша «Ақ жол» ҚДП-ның барлық филиалдарына тікелей бейнережімінде хабарландырылатынын білгеннен кейін болар.
«Біз партиямен емес, Парламентпен жұмыс істейміз» - деп түсіндірді ол өзінің бас тартуын, шамасы ол парламенттік партия және Парламент депутаттары тобы туралы сөз болып тұрғанын, әрі ТЖМ-нің өзі кездесу туралы өтінгенін ұмытқан болар.