«Ақжолдықтар»16 наурыздағы партияның туған күні қарсаңында футбол бойынша Парламент чемпионы атағын жеңіп алып өздеріне өздері күшті сыйлық жасады
16 наурыз 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Кеше, Парламентте кіші-футбол біріншілігінің ойындары аяқталды.
Біріншілікке барлық партия фракцияларынан, Сенаттан, Мәжіліс аппаратынан, сондай-ақ Парламенттің шаруашылық басқармасынан 6 команда қатысты.
Бұл біріншілікте «Ақ жол» ҚДП өкілдері тамаша ойын көрсетті.
Ойын барысында Астана қалалық филиалының қызметкері Қанатбек Бисембаев және Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Талғат Құрманғалиев ерекше көзге түсті. Айта кету керек, Талғат Құрманғалиевтің футболға деген көзқарасы ерекше: ол облыстық футбол федерациясын басқарады және бірнеше жылдар бойы аймақтық «Восток» командасына демеушілік көрсетіп келеді.
Аға ұрпақты жастар да ұятқа қалдырмады. Орталық кеңестің қызметкерлері Заңғар Сәлімжанов пен Файзулла Дәлменовтің мүлтіксіз доп берулері мен шабуылдары «Нұр Отан» және Коммунистік партияларынан келген қарсыластарына, сондай-ақ Парламенттің шаруашылық басқармасының командасына ешқандай мүмкіндік қалдырмады.
Ширек финалда «Ақ жол» Парламенттің шаруашылық басқармасының командасын 2:0 есебімен ұтты.
Жартылай финалда «Ақ жол» «Нұр Отанды» 6:2 есебімен жеңді.
Финалда қазақстандық демократтар коммунистерді 5:3 есебімен жеңді.
«Ақ жол» футболистері сыйлыққа Парламентің Кубогын алды.
«Ақжолдықтардың» жеңісі партияның құрылғанының 11 жылдығына өте жақсы тарту болды.