«Ақ жол» ҚДП-сы аймақтарда азаматтарға заңгерлік көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында партияның филалдарының заңгерлерiн «Ақ жол» партиясының орталық аппаратында және парламенттiк фракцияда сынақтан өткізуді бастайды
6 наурыз 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Кеше болған фракция отырысы барысында «Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашев аймақтардағы азаматтарға заңгерлік көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында партия филалдарының заңгерлерiн «Ақ жол» ҚДП орталық аппаратында және парламенттiк фракцияда тұрақты түрде сынақтан өткізіп, соңынан аттестаттау туралы тапсырма берді.
Фракция отырыстары «Ақ жол» партиясының аймақтардағы барлық филиалдарымен тікелей бейнеконференция режімінде жүргізіледі. Сондықтан, олардың жұмысында ҚДП-сынан Парламент депутаттары және партияның орталық басшылығының мүшелері ғана емес, сондай-ақ еліміздің барлық облыстарындағы партия белсенділері де қатысады.
Партияның орталық кеңесінің ұйымдастыру жұмысы бойынша хатшысы Абдразақ Сұлтанов хабарлағандай, аймақтардағы «Ақ жол» партиясының филиалдарына көптеген себептермен бұзылған заңды құқықтарын қорғау үшін өтініш білдірген азаматтардың санының өскені байқалады.
- Осындай мәселелермен өтініш білдіргендердің барлығына ең жоғары деңгейдегі, егер керек болса сотқа қатысуға дейін заңгерлік көмек көрсетуіміз қажет, біздің көмегіміз олардың «Ақ жол» партиясының мүшесі ме, жоқ па оған байланысты болмауы керек, - деп атап өтті Азат Перуашев. Адам көмек сұрап келген екен көмектесуге тырысу керек. Егер, мәселе жеке емес, ал жүйелі сипаттағы болса – онда заңнамаға түзету туралы жобаларын, депутаттық сауал жобаларын енгізу керек, біз шын мәнінде ауқымды мәселелерді мемлекеттік деңгейде де көтеруге дайынбыз.
Ол бұл бағыттағы Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола филалдарының атқарып жатқан жұмыстарынан жемісті мысалдар келтірді. «Ақ жолдың» Алматы облыстық ұйымының белсенділері дәл қазіргі кезде отандық кәсіпкерлер мүддесі үшін кеден органдарымен дауды жүргізуде.
- Орталық аппаратта заң жобаларымен жұмыста, Үкіметке сауалдар дайындауда, дауларды және істерді қарауға қатысып байыпты тәжірибе жинақтаған күшті заң департаменті құрылған. Заң департаментінің қызметкерлері және сарапшылары партиямен атқарылып жатқан жұмыстардан әрдайым хабардар, көптеген мәселелерді өз деңгейлерінде шешеді, ал қажетті кезде фракция депутаттарына және уәкілетті меморгандарға еркін шыға алады.
Осыған байланысты, партия көшбасшысы аймақтық филиалдардың заңгерлерін орталық аппараттың заң департаментінде сондай жұмыстардың дағдыларын үйрену және қажетті тәжірибе алу үшін тұрақты сынақ ісін өткізуді ұйымдастыруды тапсырды.
Сынақ кезінде тағлымдамадан өтушілерге азаматтардың өтініштерімен, үндеу хаттарымен, азаматтардың және бизнес субъектілерінің құқықтарын меморгандарда және сот инстанцияларында қорғау жөніндегі нақты істерге қатысу жұмыстары ұйымдастырылатын болады. Қазіргі уақытта жоғары білікті заңгерлерден ұйымдастырылған командасы бар партияның астаналық кеңсесіндегі іс-тәжірибесі аймақтық заңгерлер корпусының жұмысының, оның ішінде партияның заңшығарушылық тұрғысындағы қызметінің деңгейін жоғарылатады.
Азат Перуашев атап көрсеткендей, жергілікті жерлердегі заңгерлер заң жобаларын талқылауда және сараптама жасауда білікті болуы тиіс, азаматтық және мүліктік құқықты бұзушылықтар кезінде туындайтын әр түрлі жағдайларда жедел және тиімді әрекет ете білуі керек.