05
Тамыз

Санат жоқ 05.08.2014

«Ақ жол» ҚДП-ның төрағасы Азат Перуашев партия активімен, кәсіпкерлермен және сайлаушылармен кездесу өткізді.

 5 тамыз 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі.
 

 03.08.2014ж. «Азия» бизнес орталығында Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Тұрлыбекұлы Перуашев партия активімен, жергілікті кәсіпкерлермен және сайлаушылармен кездесу өткізді.
         
Кездесу барысында қазіргі таңда өзекті мәселелер - Украинадағы жағдай, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі, ұлт тілі,  Еуразиялық экономикалық одақтың елімізге берері, отандық тауар өнімдері, кәсіпкерлерге қолдау көрсету,оларға несие беру саласындағы мәселелер, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлерді тестілеу, ауылшаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің субсидия алу барысындағы қиындықтары және тағы басқа көптеген мәселелер бойынша  сұрақтарға жауап беріп, ой-пікір алмасты.

Сонымен қатар, «Ақ жол» партиясы фракциясының төрағасы А.Перуашев партияны бесінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясында «Ақ жол» партиясының атқарған жұмыстары туралы да айтып өтіп:
«Бесінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясында халқымыз үшін, бизнесіміз үшін өте маңызды мәселелер көтерілді. Оның ішінде Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы, Салық кодексінің жобасы және басқа да маңызды заңнамалар қабылданып, қомақты, жүйелі жұмыс жүргізілді деп ойлаймын. Әрине, біздің ұсыныстарымыздың барлығы орындалып жатыр деп айта алмаймыз, өйткені біз 107 депутаттың арасында сегіз-ақ депутатпыз. Дегенмен біздің дауысымыз естіліпті. Біз көтерген бірқатар мәселелер оң шешімін тапты. Сондықтан біз сайлаушыларымыздың бетіне тура қарай аламыз деп айта аламын» - деп мәлімдеді.
Кездесу соңынан Азат Тұрлыбекұлы жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, интервью берді.