Депутаттар Н.Жазылбеков және М.Қазыбекова Алматы қаласында «Ақ жол» ҚДП Қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады
22 ақпан 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
2013 жылы 22 ақпанда «Ақ жол» ҚДП-ның Алматы қалалық филиалының кеңсесінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Н.Жазылбеков және М.Қазыбековаазаматтарды қабылдады.
Азаматтарды қабылдау кезінде, музыкалық мектептің мұғалімі О.Левушин тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде пәтер беру мәселесі бойынша өтінішпен келді, ал Н.Ахметкерімов 2006 жылдан бері кезегі жылжымағандықтан, тұрғын үйге мұқтаждар тізімдеріндегі кезектілікті реттеуді сұрайды.Техникалық колледждің мемлекеттік грант бойынша білім алушы студенттері депутаттарға жұмысқа орналастыру мәселесімен өтініштерін білдірді. Сонымен қатар кәсіпкерлерден банкроттық рәсімдерді және дағдарысқа қарсы шараларды жетілдіру жөніндегі өтініштер келіп түсті.
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары азаматтарды қабылдау барысында келушілерге «Ақ жол» ҚДП фракциясының заңшығарушылық қызметі туралы мағлұматтар берді.
Сол күні депутаттар «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің проблемалары және келешегі» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.
«Дөңгелек үстел» жұмысына «Жетісу» банкроттық рәсімдердегі кәсіби басқарушылар Одағының, Кәсіпкер әйелдер одағының, Ұлттық индустриалды палатасының, Алматы қаласының халықаралық әуе жайының өкілдері, кәсіпорын басшылары белсенділікпен қатысты.