Еуропалық ғылыми-өнеркәсіп палатасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракция мүшесі Нұрлан Жазылбековті сапа дипломымен және алтын медальмен марапаттады
2013 жылғы 05 ақпан, «Ақ жол» Қазақстаннның демокртиялық партиясының баспасөз қызметі
2013 жылы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракция мүшесі Нұрлан Жазылбеков жоғары сапалы кәсіби қызметі үшін сапа дипломымен (DIPLOM DI MERITO) және алтын медальменмарапатталды.
Еуропалық ғылыми-өнеркәсіп палатасы 1992 жылы құрылған. Палатаның негізгі мақсаты Еуропалық ғылыми-өнеркәсіп палатасына мүше компаниялардың әлемдік нарыққа кіруін жеңілдету үшін бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. ТМД елдеріндегі палата өкілі профессор, философия докторы Фернандо де Мело.
Еуропалық ғылыми-өнеркәсіп палатасы тұрып жатқан еліне, ұлтына және діни нанымына қарамастан үздік азаматтарды медальдармен мараппаттайды. Басты критерийлері лауреаттың жоғары кәсібилігі және оның жұмысқа және қоғамға жауапты көзқарасы болып табылады. Сондай-ақ Еуропалық ғылыми-өнеркәсіп палатасы жоғары сапалы мекемелерді арнайы дипломмен (DIPLOM DI MERITO) , сонымен қатар дипломмен қоса алтын медальмен марапаттайды. Ал бұл Еуроодақта ең қадірлі марапаттардың бірі болып табылады.