Азат Перуашев: Тексеруші органдардың заңсыз іс-әрекеттері тұтас аймақтың алдыңғы қатарлы компаниялары үшін деиндустриаландыру қауіпін туғызады
6 ақпан 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Тексеруші органдардың заңсыз іс-әрекеттері тұтас аймақтың алдыңғы қатарлы компаниялары үшін деиндустриаландыру қауіпін туғызады – бұл туралы Азат Перуашев Бас прокуратураның және Кеден бақылау комитетінің басшыларының атына жолданған депутаттық сауалында мәлімдеді.
Кеден органдарының шешімі бойынша еркін қойма мәртебесінен айырылу қауіпі жағдайында қалған Алматы қаласы және Алматы облысының аумағында өз қызметтерін жүзеге асырып отырған бірқатар қазақстандық компаниялар туралы сөз болып отыр. Мәселен, Президенттік «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты болып табылатын «Қайнар-АКБ» ЖШС-і, «Компания Фудмастер» АҚ, «Кока-кола Алматы Боттлерс» ЖШС, «DOLCE» ЖШС, «Raimbek-Agro» ЖШС, «BosforMotors» (Босфор Моторс), «Хамле Компани ЛТД» ЖШС, «КазгеоСинтетика» ЖШС және т.б. компаниялар бойынша осындай ақпараттар келіп түсті.
Кәсіпкерлер хабарлағандай, 2012 жылы қыркүйекте ҚР ҚМ КБК-нің өкімі бойынша жоғарыда көрсетілген компаниялардың барлығына еркін қойма талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізілген болатын.
Бірқатар компаниялар («Дольче» ЖШС, «Кока-кола Алматы Боттлерс» ЖШС, «Райымбек Ботлерз») әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған болатын. Кейбір жағдайларда тексеру заң бұзушылықпен жүргізілген, қазіргі уақытта кедендік органдардың әрекеттері сот тәртібімен қаралуда.
Актілерде көрсетілген кемшіліктерді белгіленген мерзімде түзеткендеріне қарамастан, одан кейін де кемшіліктерді жою бойынша компаниялар қайтадан тексерілген, ол бұзушылықтарды жою туралы кедендік қарау Актілерімен расталған («Қайнар-АКБ» ЖШС-і, «Фудмастер» АҚ, «КазгеоСинтетика» ЖШС және т.б.).
Бұған қарамастан, ҚР Кедендік бақылау комитетінің а.ж. 22 қаңтарындағы бұйрығымен аталған кәсіпорындардың барлығы, себебі түсіндірілместен, еркін қойма иелері Тізілімінен алынып тасталған.
Бұл оқиғалардың тек Алматы қаласы және Алматы облысының кәсіпорындарына қатысты болуы, олардың біржақтылығы мен әділетсіз қөзқарастарын айғақтап тұрған секілді деп есептейді депутат. Тағы сол жерде LG-Eleсtronic зауытына қатысты үшінші аптаға созылған прокуратура органдарымен тексеру жүргізілуде. Бұлкәсіпорын да еркін қойма режімін қолданады, әлемдегі LG компаниясының 28 зауытының ішіндегі беткеұстары, еркін қойма режіміндегі бірқатар кәсіпорындармен бірге жақында президенттік «Алтын сапа» сыйлығына ие болған. Алатау ауданының аумағында орналасқан осы кәсіпорынға қатысты тексеруді Бостандық ауданының прокуратурасының жүргізуі; сонымен қатар тексерудің нақты мақсаты анық белгіленбегендігі, және тексерушілер компания қызметінің әуелі бір бағытына, содан соң басқа бағыттарына қатысты құжаттарды үздіксіз сұрата беруі тексеруге күмән туғызады.
Сауалда көрсетілгендей «еркін қойма режімін пайдаланатын кәсіпорындар инвестицияның, өнеркәсіп және технологиялық өндірістердің сәтті өсуін көрсетіп келеді. Дағдарыс кезеңінде нақты осы сегмент қазақстан экономикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың Бағдарламасын іске асырудағы негізгі факторлардың бірі болды».
Азат Перуашев ең болмағанда өтпелі кезеңде отандық өндірушілер үшін кедендік қойма режімін қорғау бойынша Кедендік одақ жөніндегі келіссөздер процесінде Үкімет пен индустрия министрлігімен қаншама күш-жігердің жұмсалғанын еске салды. «Бірақ та осы күш-жігерді қолдаудың орнына өзіміздің кедендіктердің «аяқтан шалуына» кезігіп отыр», - деп атап өтті депутат.
«Ақ жол» фракциясының депутаттары отандық компанияларды еркін қойма режімінен айыру оларды өткізім нарықтарын жоғалту қауіпіне әкелетініне сенімді, себебі әкелінетін шикізаттарды кедендік тазалауға және өнімдерді өңдеуге компанияның шығыстарының күрт өсіреді, оның өзіндік құны көтеріледі. Бұл мемлекеттік бағдарламаларға және Президеттің тапсырмаларына қарамастан, көптеген жаңа озық жобаларды болдырмауға, жоспарланған инвестициялардың төмендеуіне, шығарылатын өнімдердің көлемінің кемуіне және жұмыс орындарын қысқартуға әкелуі мүмкін. Оның үстіне, Кедендік одақ шеңберінде және Қазақстан ДСҰ-на кіретін кезде қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі нақты төмендейді.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыруда және отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғауда өз жұмысын жалғастыра береді.