17
Қыркүйек

Санат жоқ 17.09.2014

«Ақ жол» фракциясы тұрғын үй қатынасы туралы заң жобасын қолдамады

 2014 жылдың 8 қазаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» фракциясы тұрғын үй қатынасы туралы заң жобасын екінші оқылымда қолдамады.
«Ақ жол» депутаттары  бірқатар түзетулер енгізді. Оны үкімет пен жұмысшы тобы да қолдамады, - деді кеше Мәжілістің пленарлық отырысында заң жобасын енгізу барысында фракция жетекшісі Азат Перуашев. - Бірінші – бұл саяжай алқаптарының тұрғындарының қызығушылығын қорғаудағы түзетілім. Біз бақша  алқаптарындағы жер телімдеріне  салынған үйлерді тең құқықты тұрғын үй деп мойындауды ұсынамыз. Мемлекет саяжайлық  алқаптарда тіркелуге рұқсат еткеннен кейін адамдар сеніп,  жер телімдерін сатып алып, күрделі жөндеумен үйлерді салып алып, сол үйлерде тұрып жатыр. Соған қарамастан осы  жер телімдерінен айыру барысында және үйлерді мемлекеттік қажеттілікпен бұзу барысында – сол мемлекеттің өзі оларды тұрғын үй деп санамай және ауылшаруашылық белгілеуіндегі  бос жер телімдері сияқты төмендетілген төлемдерді төлейді. Осы төленген  қаржыға тіпті бір бөлмелі пәтер сатып ала алмайсың. Соның арқасында ондаған балалы отбасылар мен қарт ата-анасы бар отбасылар далада қалуда».   
Ол осы заң жобасының а.ж. мамыр айындағы өткір талқыға түскен бірінші оқылымын еске түсіреді. Ол кезде үш фракцияның депутаттары біздің азаматтарымыздың құқықтарының бұзылуын айтып, дабыл қаққан еді. Бірақ, дауыс беру барысында бұл жобаны қолдаудан тек «Ақ жол» фракциясы ғана бас тартқан болатын.
«Біздің заңға өзгертулер енгізбегендіктен – біздің азаматтарымыз сотта жеңіліс табуда. Прокуратураға жасаған үндеулер бекершілік болып отыр. Себебі, заң олардың үйлерін тұрғын үй мәртебесіне жатқызбайды», - деп атап өтті А.Перуашев. – Сонымен қатар осы іспеттес қайшылықтарға ТМД-ның басқа елдері де тап болған. Бірақ, олар бұл проблемены шешіп жатыр. А.ж. 3 қыркүйегінде Украинаның Жоғарғы Радасы бақшалық және саяжай үйлеріне тұрғын үй мәртебесін меншіктеу туралы заң қабылдады. Ресейде мемлекеттік думаның бірінші оқылымында тұрғын үй құрылыстарын ерікті бақшалық және саяжайлық бірлестіктерді жеке тұрғын үй мәртебесіне ауыстыру туралы заң жобасын қабылдады.
Министр Жәмішев мамырдағы бірінші оқылымда осы мәселенің шешімін табамын деп сөз берген еді. Бірақ өздері ешқандай ұсыныс жасамады және біздің түзетуімізді оқшаулады.
«Ақ жолдықтардың» енгізген екінші түзетілімі – ипотека бойынша жас отбасыларға балардың туылу барысында жәрдем ақы енгізу.
«Бұл бастама «Ақ жолдың» сайлауалды тұғырнамасында болды  және басқа фракциялардың депутаттары осындай қадамның қажеттілігі туралы жариялаған сияқты еді. Мәселе өте маңызды, мемлекет бүгін де тұрғын үй проблемасын толық шешуге қауқарсыз. Егер де жас отбасы құрылса, ипотека алу үшін өтініш берсе, жұмыс жасаса, оны төлесе, балаларын өмірге әкелсе, ендеше осындай шығындардың кей бір бөлігін мемлекет орнын толтыруға болар еді, - деп жария етті «Ақ жол» көшбасшысы». – Өкінішке орай, «Ақ жолдың» осы түзетіліміне де үкімет теріс шешімін берді. Егер де мемлекет 20-30 % жәрдем бере алмаса, біз өтінгендей – 5 %, 3 %, тіптен 1 % жәрдем берсін».
«Мәселе тек қаражатта ғана емес, проблемаға деген қарым-атынаста, - деп санайды «Ақ жолда». – Бұл фактілі тұрғыдан (ақшалай) болмай-ақ қойсын, сонда да, жас отбасыларға деген мемлекеттің ұстанымының саяси белгісі жалған. Жастар 40-қа дейін күтіп, жағдайын жасап және пәтерге ақша жинап, содан кейін барып бала тапқаны дұрыс емес қой».
«Отбасыларды олардың жастарының сәйкес кезінде, олардың жүректерінің әлі ыстық, алғашқы махаббатқа сеніп жүрген кездерінде және бір неше балаларды дүниеге әкелуге дайын кезінде қолдау көрсету керек, - деп атап өтті А.Перуашев. – Мемлекет оны бағалап, мемлекеттік саясаттың элементі сияқты қолдап отырғанын көрсету керек. Бір-екі пайыздан болып ешкім де қайыр сұрап қалмаушы еді, ал жас отбасылар үшін бұл таптырмас көмек болар еді».
Бұл мәселелерді басқа заң жобалары арқылы шешу керек деген қарсылықтарды ол «бірінші рет естіліп жүрмеген сылтау» деп атады.
«Бұл тұрғын үй қатынасы туралы бейінді заң болып табылады. Өйткені ол тікелей осы көтеріліп отырған мәселелерге қатысты. Онда ауқатсыз ипотека қарызгерлерін қыс мезгілінде шығарудан қорғадық қой. Және осындай оң жаңа енгізілімдер жобада аз емес – мұны мойындау керек. Бірақ біздің саяжайлық және бақшалық  алқаптардағы үйлерді тұрғын үйге жатқызғымыз келмегендіктен – олардың тұрғындары мұндай қорғанышқа ене алмайды. Және бұл адамдарды көшіріп, үйлерін қазір де қыс мезгілінде де құлататын болаы. Сондықтан да өз-өзімізді алдамай-ақ қояйық.
Мұндай маңызды түзетулерді қабылдамағандықтан, «Ақ жол» фракциясы бұл заң жобасын қолдаудан бас тартады» деді.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру бойынша жұмысын және өзінің сайлаушыларының тілегін орындауды жалғастырады.

         Ескерту: дауыс беру қорытындысы бойынша, қатысқан 104 депутаттан, 2 – көрсетілген заңның қабылдануына қарсы дауыс берсе, 8 – дауыс беруде қалыс қалды.