«Ақ жол» партиясы мал шаруашылығы саласын қорғауға шықты – субсидия төлемдері бойынша кешіктірулерді қысқарту қажет
19 ақпан 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясы мал шаруашылығы саласын қорғауға шықты – бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында фракция атынан Екатерина Никитинская тиісті депутаттық сауалды жария етті.
Әңгіме мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнімділігін арттыру мақсатында субсидиялау – 088 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыру мерзімінің бұзылуы туралы болып отыр.
«Бұл кешіктірулер жыл сайын жүйелі түрде сипат алып отыр. 2013 жылы Қазақстанның мал шаруашылығы саласы үлкен дағдарысқа тап болды, оны 2014 жылы уақтылы субсидиялау, саланы одан әрі дамытудың қажетті шарты болып табылады. Мысалы, 2012 жылы субсидиялау тек мамырдың басында, 2013 жылы – наурыздың соңында басталды. Ағымдағы жылы барлығы да өткен жылдардың үлгісі бойынша жылжып келеді. Ал, көптеген ауылшаруашылық кәсіпорындары Ауылшаруашылығы министрлігі уәде еткендей, бұл ақшаны 2014 жылдың қаңтарында алуға үміттеніп, оны өз кәсіпорындарына (негізгі қорларын жаңартуға, несиелерін төлеуге) жұмсауға жоспарлап қойған, мемлекеттік қолдаудың мерзімдерінің бұзылуы олардың өндірістік жоспарларынан бастап, несиелерін жабу кестесіне дейін бұзылуына әкеледі», - деп айтылады сауалда.
Өздеріңізге мәлім, бірінші тоқсан, ал нақтырақ айтсақ қаңтар-ақпан айлары сату көлемі 2 есеге дейін құлдырайтын шақ. Бұл сала үшін субсидия төлемдерінің кешігуімен бірге ахуалды мүлдем қиындатады.
Сауалда мысал ретінде құс шаруашылығындағы жағдай келтіріледі: 2012 жылы елімізде 319 000 тонна құс еті пайдаланылған, оның ішінде 193 000 тонна құс еті – яғни 60 %-ы импортқа шығарылған.
Егер өткен жылы, отандық өндірушілер Украина және Кедендік одақ тарапынан арам бәсекелестікпен күрессе, бүгінгі таңда біздің өндірушілер елімізде азық-түлік қауіпсіздігі үшін қажетті құс етін өндіруде отандық үлесті қазіргі 40 %-дан 70 %-ға дейін көтеруді жалғастыруда мемлекеттің жоспарланған субсидия түріндегі қолдауын ала алмай отыр, - деп атап өтті Е.Никитинская.
Депутат жуырдағы Үкіметтің кеңейтілген отырысы туралы еске салды, онда Президент отандық кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуді, және оның өндіруші кәсіпорындар болуына көңіл бөлуді тапсырған. «Мал шаруашылығы, өңдеуді қоса алғанда, экономиканың дәл осындай секторы болып табылады», - дейді ол.
Осындай мемлекеттік қолдаулар Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту–2020 Бағдарламасында қарастырылған, «Ақ жол» фракциясының депутаттары Үкіметке және Ауылшаруашылық министрлігіне осындай кешіктіруді мүлдем болдырмау үшін үш жылға бекітілетін Субсидиялау ережесіне өзгертулер енгізуді ұсынады.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және отандық өндірушілерді қолдау бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.