28
Қазан

Санат жоқ 28.10.2014

ҚР билік органдарының және шетелде білім алушы студенттер ұйымдарының ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді

2014 жылдың 28 қазаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
     27 қазанда Қазақстан Республикасы консулдық ғимаратында Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбековтың Қытайдағы қазақ студенттердің ассоциациясы (KSAC) Шанхай бөлімшесінің белсенділерімен кездесуі өтті. Кездесуге Шанхайдың ең ірі: Фудань, Тонжи, Цзяотун университеттері, Шанхай технологиялық университеті, Шанхай Экономика және қаржы университеті, Шығыс-Қытай университеті және Шетел тілдері университеті және т.б. университеттеріндегі қазақстандық жастардың қоғамдық өміріне қатысушылардың арасындағы  белсенді 70-тен аса өкілі қатысты. Студенттер арасында әр түрлі мамандықтардың өкілдері – болашақ инжинерлер, экономистер, сәулеткерлер, дипломаттар болды. Кездесу барысында Студенттік ұйымдардың Қазақстанның билік органдарымен әрекеттесуінің маңызды мәселелері, сондай-ақ жоғары білім берудің алдағы реформасы тақырыбы қозғалды.                  
Нұрлан Әбдіжаппарұлы жоғары оқу орындарына қатысты ҚР Парламентінің соңғы шешімдері туралы белсенділерге баяндады, барлық қатысушылар жоғары білім беру жүйесін оңтайландыру, бәсекеге қабілетсіз ЖОО қысқарту, сонымен қатар кәсіби-техникалық оқу орындарындағы білім беру сапасын арттыру қажет деген қорытындыға келді. Шетелдік университеттер түлектерінің Қазақстандағы жұмысқа орналасу мәселесі де талқыланды: белсенділер өз есебінен білім алған жас мамандарды жұмысқа орналастыру бойынша комитет құру туралы ұсыныс жасады. Депутат отандық та, шетелдік те оқу орындарының түлектерінің білімін тексеру жүйесін құру жоспарлары туралы айтып берді. Қытайдағы қазақ студенттерінің ассоциациясы өкілдері сондай-ақ мемлекеттің қол астындағы Қазақстан студенттерінің бүкіләлемдік ұйымы мен шетелде білім алушы барлық студенттерді қолдау жүйесін құру туралы ұсыныстарын айтты.