Жалған кәсіпкерлік мәселелері бойынша кәсіпкерлер мен меморгандар арасындағы көпжылдық пікірталастарға нүкте қойылды –Азат Перуашев
«Ақ жол» партиясы кәсіпкерлер үшін жалған кәсіпорындармен мәмілелер жөніндегі салықтар бойынша қайта салуларды теріске шығару құқығына қол жеткізді.
2014 жылдың 6 қарашасы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Жалған кәсіпкерлік мәселелері бойынша кәсіпкерлер мен меморгандар арасындағы көпжылдық пікірталастарға нүкте қойылды – бұл туралы Азат Перуашев кеше Мәжілістің пленарлық отырысында «Салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының екінші оқылымында мәлімдеді.
«2006 жылы басталған жалған кәсіпкерлік туралы тартыста маңызды шешім қабылданды. Бұл заң жобасында біз ақыр аяғында кәсіпкерлерге сотта олардың мәмілелерінің заңдылығына дәлелдемелер келтіруіне, және оларға жалған кәсіпкерлер еместіктерін дәлелдеуе мүмкіндік бердік», - деп ҚДП фракциясының жетекшісі өз сөзінде атап өтті.
Еске салайық, әлі күнге дейін салық органдарының жалған кәсіпорындарды салықтың есепке қоюы туралы мәліметтерін сеніп қалып, жалған кәсіпорындармен аңғырттықпен келісімшартқа отырған адал бизнеске жалған кәсіпорынның алаяқтық әрекеттеріне қаржылық санкциялар беріліп келді.
Мұндай жағдайларды бір жақты түсіндіру, осындай істер контрагенттердің қатысуынсыз жүргізілсе де, жасалған мәмілелердің шынайылығы туралы адал кәсіпорындардың талап-арыздары мен дәлелдерін соттардың тіпті қарастыруға да қабылдамауына алып келді. Жалған кәсіпкерлікте сот тарапынан бір тұлға айыпты деп табылып, ал оның заң бұзушылықтарына жаза іс тараптары болып табылмайтын басқа тұлғаларға берілген жағдайлар орын алды.
Егер қандай да бір алаяқ жалған кәсіпкер деп табылса, онда онымен жасалған барлық мәмілелер заңсыз деп табылып, олардың барлығы бойынша ҚҚС, КТС қайтадан салынды, соның ішінде соңғы 5 жыл үшін. Бірқатар жағдайларда бұл қалыпты жұмыс істейтін бизнесті банкроттыққа дейін апарды. Тек жалған кәсіпорындардың контр-әріптестеріне ғана емес, сонымен қатар осы контр-әріптестердің контр-әріптестеріне де салық салыну мәселелері пайда болды, яғни проблема одан әрі өршіп кетті.
2007 жылы анықталған бірнеше ондаған жалған кәсіпортындардан басталған бұл мәселе соңғы жылдары мыңдаған компанияларға әсер етті, аталған мәселе бизнес-қоғамдастықта кең резонансқа ие болды.
Осы мәселе бойынша «Ақ жол» ДПК фракциясы Үкіметке, Президент Әкімшілігіне, Бас Прокуратураға жүгінді, Қылмыстық кодекстің, Салық кодексінің жаңа редакциясымен жұмыс істеу барысында тиісті түзетулер енгізген болатын.
«Бүгін, байыпты және сындарлы тәсілдеменің арқасында, біз бұл іске нүкте қоямыз», - деп «Ақ жол» көшбасшысы атап өтті.
Қорытындыда А.Перуашев Үкіметке, Қаржы министрлігіне, Ұлттық экономика министрлігіне ризашылығын білдірді, әріптестеріне, Жұмыс тобына қолдау үшін алғысын айтты.
«Біз бұл заң жобасын қолдаймыз, отандық бизнестің проблемаларын түсініп, өзекті мәселенің сәтті шешілгені үшін барлығыңызға алғыс білдіреміз. Шындығында, бұл үлкен жүйелі нәтиже», - деп қосты ол.