10 ақпан 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Азамат Әбілдаев Жамбыл облысының Қордай, Шу және Мойынқұм аудандарында жұмыс сапарымен болып, осы аталған аудандардың орталықтарында аудан әкімшіліктері қызметкерлерімен, аудан активтерімен және жергілікті кәсіпкерлермен кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында Елбасы жолдауында айтылған кәсіпкерлікке қатысты мәселелер кеңінен талқыланды. Жергілікті кәсіпкерлер өз талап – тілектерін айтып осы мәселелерді шешуге фракция депутаттарының атсалысуын өтінді. Осы кездесулерден кейін Азамат Әбілдаев Қордай, Шу және Мойынқұм аудандарының шалғайдағы мал шаруашылықтарын аралады, олардың хал жағдайымен, әл – ауқатымен танысқан депутатқа қойылған сұрақтар өте көп болды. Негізгісі – несие алудың және ауылшаруашылық министрлігінің мал шаруашылықтарын қолдауға арналған қаражаты (субсидия) алудың қиындықтары туралы болды. Азамат Әбілдаев осы айтылған мәселелерді Парламент Мәжілісінің отырысының тыңдауына жеткізетінін және бұл сұрақтар «Ақ жол» партиясының фракция депутаттарының қадағалауында болатынына уәде берді.