«Ақ жол» партиясы мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы ұсынысты қолдайды
2015 жылдың 16 ақпаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз – қызметі
«Ақ жол» партиясы мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы ұсынысты қолдайды – бұл жөнінде бүгін ҚДП Орталық Кеңесі Презудиумының отырысы өткен соң, Азат Перуашев мәлімдеді. Төменде «Ақ жол» ҚДП-ның мәлімдемесінің толық мәтіні келтіріледі.
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бастама жөніндегі
МӘЛІМДЕМЕСІ
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы 2015 жылы мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу идеясына қатысты өзінің ұстанымын білдіруді маңызды деп санайды. Мұндай бастамамен 14 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шыққаны белгілі.
Аталған мәселе бүгін партияның Орталық кеңесі Президиумында талқыланды. Бұл идеяның қазірдің өзінде қоғамда оң пікірлер туғызып жатқанын айтқанымыз жөн.
Бұған байланысты, «Ақ жол» партиясының мүшелері мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы ұсынысты қолдайтынын мәлімдеуді қажет деп санайды.
Біз бұл тағдыршешті қадам ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерге сай келеді деп есептейміз.
Әлемдік тұрақсыздық, сыртқы экономикалық дағдарыстың қысымы жағдайларында Қазақстанда Президент ұсынған «Нұрлы жол» дағдарысқа қарсы саясатын іске асыруға күш-жігерді жұмылдырудың маңызы зор.
Мәселенің құқықтық жағын да атап өту керек, өйткені бұл шара конституциялық өткізу мерзімдері 2016 жылға қатар келіп тұрған президенттік және парламенттік сайлауларды айырып өткізуге мүмкіндік береді.
Егер оң шешім қабылданып жатса, мерзімінен бұрын президент сайлауы біздің елімізді дамытуда жағымды рөл атқаратынына сенімдіміз.
Ол сыртқы экономикалық дағдарыстың жағымсыз әсерін табысты еңсеруде және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолын жалғастыруда шешуші шартқа айналатын болады.