10
Ақпан

Санат жоқ 10.02.2015

Қалаға да жаңаша өрлеу керек

 
2015 жылдың 10 ақпаны, «Ақ жол» ҚДП Көкшетау қалалық филиалы
Ақпанның 9-ы күні Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев қала тұрғындарының алдында есеп берді. Онда облыс орталығын дамытудың келелі мәселелері қаралды. Дегенмен, шешуін таппаған мәселелер де жетерлік. Бұл жөнінде сөз алған «Ақ жол» демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Серік Бейсембаев  мәлім етті. Оның айтуынша, қаланың тұрғын үй-коммуналдық саласын дамытуда кемшілік жағдайлар жетерлік. Әсіресе, аумақтық қоғамдық кеңестер жұмысын жандандыру аса маңызды болып табылады.
Партия өкілі қала әкімінің назарын осыған аудара келе мұндай қоғамдық кеңестерге тұрғын үй кооператиятері, құқық қорғау өкілдері мен тұрғындарды да көптеп енгізу қажет екенін атап көрсетті. Өз кезегінде қала басшысы бұл айтқан ойдың қолдауға тұрарлық екенін айтты.