Мемлекеттік тіл мемлекеттік деңгейде барлық жерде қолданылуы тиіс
2015 жылдың 11 сәуірі, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Қазыбек ИСА, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары:
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» - деп мәлімдегенЕлбасымыз, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді Атазаңымызға сай өз төріне биіктету үшін үнемі қайрат көрсетіп келеді. Қазақстан халқына Жолдауында :
«Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар — ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болды.
Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін, барлық жерде керек болуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек, өзіміз соған атсалысуымыз керек» - деп қадап айтты.
Ал енді үкіметіміз осы үдеден шығу үшін түбегейлі бетбұрыс жасап, мемлекеттік тіл мемлекеттік деңгейде барлық жерде қолданылуы тиіс. Еліміздегі ең жоғары лауазым - Президенттен мемлекеттік тіл үшін сынақ алғандай, барлық мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілден емтихан тапсыратын кез жетті. Сонда ғана Елбасы Жолдауынада айтылғандай, 2025 жылы мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтар 95 пайызға жетіп, қазақ тілі - ұлтты біріктіруші басты фактор бола береді.
Сондықтан да, 26 сәуірде Қазақстан Президенті сайлауында ел руханиятқа қамқор рухы биік әлемдік деңгейдегі саяси тұлға Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен үміт артып отыр.