05
Мамыр

Санат жоқ 05.05.2015

«Щебсклад» бақ шаруашылығы серіктестігінің тұрғындары олардың тұрғын үйге деген құқықтарын қорғауды сұрайды – Азат Перуашев азаматтарды «Ақ жолдың» қоғамдық қабылдау бөлімінде қабылдады

  2015 жылдың 5 мамыры, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
  «Щебсклад»  бақ шаруашылығы серіктестігінің 200-ден астам тұрғындары  «Ақ жолдың» қоғамдық қабылдау бөліміне олардың тұрғын үйге деген құқықтарын қорғау туралы өтініштерімен келді.
Аталған серіктестіктің жер телімдері силикат зауытының ауданында, бұрынғы қоқыс тастайтын жердің орнында орналасқан. Жалға  құқық алғаннан кейін, серіктестік қатысушылары өздерінің күштерімен ауданның жайлы жағдайларын жасады: электр қуатын өткізді, жол салды, төңіректі  тазартты. Ауыл тұрғындарында  жал актілері, техпаспорттары, үй кітабтары бар, бірақ тұрғындардың бір бөлігінде қолдарында тек бағбанның мүшелік кітапшалары ғана бар. 2010 жылы қала және Астана қаласының Алматы ауданының  әкімдіктерінің өкілдері, тұрғындарды бұзу болмайтынына және жер телімдері тиісті түрде ресімделетініне куәландырған. Алайда, 2015 жылдың қаңтар айынан бастап «Макстрой Астана» ЖШС тұрғындарды үйлерінен шығару туралы талаптарын қоя  бастады.  Қазіргі уақытта Астана қаласының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен  «өздігінен басып алу»  және   жерге мемлекеттік меншік  құқығының бұзылу фактісі бойынша жоспардан тысқары тексеру  жүргізіліп жатыр, тіпті ауыл тұрғындарының бірі С.Ошибаев  жауапкершілікке тартылды.
«Ақ жол» партиясымен  саяжай телімдерін мемлекеттік қажеттіліктерге алу кезінде азаматтардың құқықтарының бұзылу мәселесі әлденеше рет көтерілгенін еске сала кетейік.  Әңгіме саяжай телімдерінде тұрақты тұру  үшін заңды тіркелімге (тіркеу)  рұқсат етіліп, бірақ бұл үйлердің өзі тұрғын үй болып мойындалмайтын құқықтық коллизия туралы болып отыр. «Соловушка», «Целинтяжстрой», «Зелёная поляна», «Урожай», «Исследователь», «Газовая аппаратура», «Ударник» және тағы да басқа бірқатар бақ шаруашылығы серіктестіктерінің жер  телімдерінің меншіктенушілерінің үндехаттары бойынша, 2014 жылдың қаңтар айында «Ақ жол» фракциясымен бұл тақырыпқа депутаттық сауал жарияланды, наурыз айында дәл осы мәселе  партияның төрағасы А.Перуашевпен  Бас прокуратураның коллегиясында көтерілді. Бұл мәселені  шешу бойынша ұсыныстар «Ақ жол» депутаттарымен тұрғын үй қатынастары туралы заң жобасы бойынша жұмыс тобының қарауына  кіргізілді, бірақ министрлікпен де, жұмыс тобының депутаттарымен де қабылданбады, басқа шешім ұсынылған жоқ. Сол кезде «Ақ жол» фракциясы  бұл заң жобасын қолдаудан бас тартты.
«Біз өздеріміздің қолдарымызбен ондаған балалары, қариялары  бар адамдарды далаға лақтырып жатырмыз,  оларды  баспанасыз адам етеміз және ешқандай балама ұсынбаймыз! Егер де сіздерге «Ақ жолдың» ұсынысы  ұнамаса – басқа шешім беріңіздер, бірақ бұл мәселені шешу керек, ал азаматтардың құқықтарын қорғау керек!  Бұл біздің азаматтарымыз және біз оларға бұл жағдайдан аман шығуға көмек көрсетуіміз керек», – деп 2014 жылдың мамыр айында Мәжілістің пленарлық отырысында бұл заң жобасын талқылау барысында А.Перуашев атап өтті.
Сол отырыста  министр Жәмішев, «Ақ жол» жетекшісінің сұрақтарына жауап бере отырып, бұл мәселені  жария ету туралы заң  арқылы   шешу мүмкіндігін мәлімдеді.  Бірақ әлі күнге дейін мәселе ашық қалып отыр. Бұдан басқа, жуырдағы жария ету барысында «Щебсклад» тұрғындарынан, олардың сөздері бойынша, құжаттарды қабылдаудан да бас тартқан. Сонымен азаматтарды тұрғын үйге деген құқықтарын қорғаудың соңғы мүмкіндіктерінен айырды.
«Ақ жол» партиясы қатардағы қазақстандықтардың мүдделері үшін тиісті мемлекеттік органдарға үндеухат дайындап жатыр.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын және өзінің сайлаушыларының мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастырады.